Білім саласындағы жаңа жоба Арменияда қолдау тапты

Білім саласындағы жаңа жоба Арменияда қолдау тапты
Фото: nn.by

Білім саласына жасалған жаңа жоба қазақстандық мыңдаған жасқа үлкен мүмкіндік береді.

Сол арқылы жастар қоғамда сұранысқа ие түрлі мамандықтарды тегін алып, елдің ірі өндіріс орталықтарында өзін көрсете алады. «Сонымен қатар жеке кәсіп ашып, оны дамытуына да мүмкіндіктер жетерлік», - дейді Ереван мемлекеттік университетінің оқытушылар құрамы. Олардың бірі жоғары оқу орнының аспиранты Шушан Хачатрян Қазақстандағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі әріптестерімен тығыз байланыста. Енді «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі еріктілер қатарынан көрінуді көздеп отыр.

Шушан Хачатрян, Ереван мемлекеттік университетінің аспиранты: - Мен жыл сайын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдаймын. Жолдаудың қоғам дамуында маңызды ерекше екені белгілі. Ең бастысы әлеуметтік салаға көңіл бөлінген. Еңбекақының артуы, зейнетақы мен жәрдемақының көбеюі және техникалық мамандықтарда білімнің тегін берілуін атап өтпесе болмайды. Бұл – ел жастары үшін зор мүмкіндік. Ал бала оқытып отырған отбасыларға үлкен жеңілдік. Мұндай жобаның ТМД елдері ішінде алар орны ерекше. Осындай жағдайлар Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыруға себеп болады. 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы