Ағаш – балабақша

Ағаш – балабақша
Фото: boredpanda.com

Жапонияның Тачикава қаласында көне ағашты айналдыра балабақша салыныпты. Бұл ағаштың 50 жылдан бері табиғат апатынан зардап шекпей келіпті. Ағаш діңін бойлай салынған балабақшаның құрылысы 2007 жылы басталған екен. Оған дейін ағаш қараусыз тұрған. Қазір бұл ағашты әрі балабақшаны көруге мыңдаған туристер келеді.

Тәрбиешілер балаларды қоршаған ортаны тануға, табиғатпен бірге өмір сүруге зор ықпалын тигізеді дейді. Табиғат-Анадан оқшау өмір сүруге болмайтынын, өз кезегіде оған көмектесу керектігін үйрететіндей.

Г. Берік