7 жасар гений ментальді арифметикадан әлемдік жарыста жеңімпаз атанды

7 жасар гений ментальді арифметикадан әлемдік жарыста жеңімпаз атанды
Фото: nur.kz

Қазақстандық 7 жасар Азамат Нұқаев ментальды арифметика бойынша онлайн-жарыстарда бірінші орын алды.

Жас гений 5000 студентті шаң қаптырған. Олардың ішінде Малайзия мен Австралиядан тәжірибелі қарсыластар болған, − деп хабарлайды Advance интеллектуалды даму орталығының баспасөз қызметі.

Азамат 69 мың тапсырманы дұрыс шеше алды.

«Бүгінде интеллектуалды және жеке даму мәселесінің маңызы күн санап артып келеді, себебі біз сандық, жедел дәуірде өмір сүреміз. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға мұқтаж», – дейді орталық мамандары.

Ментальді арифметика білім беру бағдарламасы ретінде 22 жыл бойы қызмет көрсетіп келеді. Жүйе ойша калькулятордан жылдам есептеп, балалардың интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Әлемнің 56 елінде 5 миллионнан астам бала осы тәсілмен білім алады.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін