Массагет байқауының жеңімпаздары білім күні белгілі болады!

Массагет байқауының жеңімпаздары білім күні белгілі болады!

Массагет порталы ұйымдастырған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы да мәресіне келіп жетті.  "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" болуға асыққан жас қатысушылардың талабы бізді таңдандыра білді.

Массагет байқауының жеңімпаздары білім күні белгілі болады. Нақтырақ айтсақ, 1 қыркүйек күні Астана уақытымен кешкі сағат 18:00-ден кейін жарияланатын болады. Жарыс басында айта кеткеніміздей, қатысушылардың барлығы жүлдеден құр қалмайтын болады. 

Айта кетейік, Массагет порталы ұйымдастырған байқауға 40 қатысушы қатысты. Барлығы дерлік мәреге жетпесе де, жартысынан көбі жүлдегерлер қатарынан көрінуге барынша үмітті. Ендеше барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Ө. Сансызбай