Адам тәртібіндегі келеңсіздіктер #2

Адам тәртібіндегі келеңсіздіктер #2
Фото: www.bankoboev.ru

Адам тәртібінде бірін-бірі түсіне бермейтін, бірақ сол жағдайды дәл өзінде қайталайтын әрекеттер кездеседі. Солардың бірнешеуін қарастырып көрейік.

Басы

12. Сыртқы келбет тіпті саяси сайлауда таңдау жасағанда да зор маңызға ие. Халық сайлауға түсушілердің ешбірін танымаса, суреттегі түрлердің байсалдылығы мен тартымдылығына байланысты таңдау жасап жіберуі әбден мүмкін.

13. Табысты әрі бай адамдар бір қарағанда ақылды, тапқыр көрінеді. Күні-түні тыным көрмей еткен еңбегі мен төккен терінің арқасында ғана осы күнге жетті деген ойда қалады.

14. Адамдардың ойынша ақшасы ең көп адам бақытты емес, қаржысы көршісінен көп болу ғана бақыт. Адамдар әрдайым өздерін көршілерімен салыстырумен болады. Байлығы молая түскен сайын, одан да дәулетті адамдардың ортасына түсуді қалайды және өзін солармен салыстыра отырып, бәсекеге қабілетті болуға талпынады.

15. Адам арманына жеткен сайын ашуға бір табан жақындай түседі. Бір қамалды алған сайын мұңайған түрге ауысады. Ол қанағаттың жоқтығын көрсетеді.

16. Шешім шығару қиынға соқса, оны сол күйінде қалдырады. Мысалы, тым үлкен дүкендердегі тауар түрлерінің көптігіне байланысты, қайсысы жақсы екенін таңдай алмаса, ешнәрсе сатып алмай-ақ шығып кетеді.

17. Адамдар соңы жақсылыққа апарған күнде де, аяқ асты қабылданған шешім үшін өкінеді. Сол кезде шешім шығаратын уақыт жеткілікті болып еді деп ойлайды.

18. Адам барлық жағдайда бірдей тәуекелшіл болмауы мүмкін. Бір адам парашютпен оңай секіріп кетіп, бастығынан қатты қорқатын болып шығады. Әлде жолбарысты үйретіп жүрген жігіт әдемі қызды көргенде тілі байланып, сөйлеуге батылы бармауы ықтимал.

19. Іш пысудың да жақсы жақтары бар. Күнделікті таптаурын әрекеттерден жалыққан адам жақсы іс жасауға ұмытылып, өмірінің мәнін содан табуы мүмкін.

@. @assel_assanova