Кеш ұйықтайтын адамдар дана болады

Кеш ұйықтайтын адамдар дана болады
Фото: ru.forwallpaper.com

Ертерек ұйықтап қалатын адамдарға қарағанда, түн ауа, кеш ұйықтауды жақсы көретін адамдардың қабілеті жоғары екені жасырын емес. Күн көзінен ғана емес, айдан да қуат алатын адамдар үнемі өзіне тың, ерекше жаңалықтар ашып отырады.

Түнде ұйқыға кеш жатуды жақсы көретін адамдар армандауға, одан әрі армандарын мақсатқа, жоспарға айналдыруға көбірек уақыт табады. Күндіз шаруаларымен жүргендіктен, ойлануға, қиялдауға да уақыт болмайды.

Ұйқы – әлсіздер үшін. Түнгі өмір салтын қалыптастырғандар тегін адам емес. «Түн үкісі» аталатын мұндай адамдардың көпшілігі оқымысты, данышпан, ақын, композитор, көшбасшы болып келеді.

Олар кез-келген жаңалықты оңай қабылдай біледі. Ерте ұйықтап қалатындар түн көрпесі сыйлайтын психологиялық және эмоциялық ойларды сезіне алмайды. Бұл мезгілде ақынға шабыт келіп, ғалымның миын түрлі ойлар шырмап, композиторларда шабыт пайда болады.

«Ерте тұрған еркектің ырысы артық». Ал кеш жатып, ерте тұратындарды одан да көп жақсылық күтіп тұратын болар. Ертерек ұйықтап қалсаң, орындап үлгермейтін істерің болады. Дәл осы түн мезгілінде ғана ең айрықша идеялар туады.

@. @assel_assanova