Байқауға қатысуға үміткерлер қабылданады!

Байқауға қатысуға үміткерлер қабылданады!
Фото: dailyliberal.com.au

Құрметті байқауға қатысушылар, біз сіздерге "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауындағы топ құрамдары толығымен жасақталғаны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін кей қатысушылармен хабарласу мүмкін болмауының салдарынан жаңа үміткерлер қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

Бүгінде жарысқа қатысушы «Эрудит», «Хан tengri» және «Парасат» командалары толықтай жасақталып үлгерді. Ал «Томирис» пен «Мұзбалақ» командаларында кей қатысушылардың түрлі себептермен қатыспауына байланысты, жаңа үміткерлер қабылданады. Қарлыға Бүйенбайдың жетікшілігімен жарысқа қатысатын «Томирис» тобы тек қыздардан құралған. Қазір бұл топқа екі аруымыз тіркеліп, жарысқа қатыса алады. Ал Ербол Жұмабайұлы жетекшілігімен жарысқа қатысушы «Мұзбалақ» тобына екі үміткер қабылданады. Қатысу үшін аты аталған жетекшілердің сайттағы жеке профиліне хабарласа аласыздар. Алдағы уақытта байқау блогтары қалай есепке алынатыны туралы толық ақпаратты жариялайтын боламыз. 

Жазды Массагетпен бірге өткізіп, жеңімпаз атаныңыздар! Біз сіздерді күтеміз! 

Ө. Сансызбай