"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының бас төрешісі - Өмірбек Сансызбай

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының бас төрешісі - Өмірбек Сансызбай
Фото: жеке мұрағат

Құрметті байқауға қатысушылар, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы өз жұмысын бастап кетті. Өздеріңіз білетіндей, топ құрамдары толығымен жасақталды. Байқаудың ереже-шарты бұған дейін жарияланған болатын. Қатысушылардың жұмыстары белгіленген ұпай саны арқылы бағаланады. Сайыскерлердің ұпай көрсеткішін бас төрешісі Өмірбек Сансызбай өз бақылауында ұстайды.

Өмірбек Сансызбай - Массагет порталының белді тілшілерінің бірі. Ол сайтымыздың "Спорт" бөліміне жетекшілік етеді. Өмірбектің бұндай байқаулардан тәжірибесі мол. Өткен жылы Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатына арналған болжамдар бәйгесі ұйымдастырылған-ды. Ол сол кезде байқаудың өтуіне негіз болып, бір ай бойы 300-ге тарта қатысушымен жұмыс жасады. Оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне бағытталған бұл байқаудың да тізгіні Өмірбекке табысталмақ. Байқауға қатысты барлық түсініспеушіліктер Өмірбек арқылы шешіліп отырады. Ұпай есептеуде туындаған сұрақтар болса, тікелей хабарласа аласыздар. 

Блогтардың есептелу тәртібі түсінікті болу үшін, тағы бір мәрте қайталап өтеміз:

Байқау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Осыған дейін байқаудың мақсат-міндеттері мен ережелерін жариялаған болатынбыз. Бір аптада жарияланған әр қатысушының екі блогы ережеге сәйкес есепке алынып, апта соңында рейтингі түзіледі. Рейтинг - қатысушылардың жекелей және командалық көрсеткіші негізінде жарияланады. Ал бағалау жүйесі төмендегідей:

100 көрілім = 1 ұпай

қолданушының 1 пікірі = 5 ұпай (қолданушының 1 пікірі ғана есепке алынады)

1 лайк = 2 ұпай

редакция тарапынан = 10 ұпай (10 блогқа)

жанкүйерлер блогы = 3 ұпай

Блогтардың ұпай есептелу нәтижесі жұма күні түнгі сағат 00:00-де тоқтайды. Одан кейінгі көрілім, пікір, лайк пен жанкүйерлер блогы есепке алынбайтын болады.

Қатысушылар мен жетекшілер бір-бірлерімен етене араласу үшін және көмек көрсету үшін форумды пайдалана алады. Онда қатысушылар жетекшілерінің жеке парақшасына жазбай-ақ, сұрағын сонда жазып кетсе болады. Ал егер топтағы қатысушы ол сұрақтың жауабын білген жағдайда жауабын қалдырып кете алады.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз! Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!

Massaget