Байқауға қатысушылар назарына!

Байқауға қатысушылар назарына!
Фото: collegeaffairs.in

Құрметті байқауға қатысушылар, біз сіздерге "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауындағы топ құрамдары толығымен жасақталғаны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін кей қатысушылармен хабарласу мүмкін болмауының салдарынан аз-кем айта кетер ақпаратты назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Массагет порталы жариялаған байқау басталып та кетті. Бес жетекші басқаруымен бес топқа бөлінген командалар байқау ережелері және міндеттерімен танысып, қызу дайындыққа кірісіп жатыр. Негізінен байқаудың басты мақсаты - оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне, тұлға болып қалыптасуына әсер ету, алдына айқын мақсаттар қойып, сол мақсатқа жетпейінше тынбай еңбектенуге баулу. Осы мақсатта ұйымдастырып отырған байқауымызға қатысуға өтініш білдірген жастардың саны да аз болмады. Десе де алғаш болып уақытында үлгерген өтініш берушілер команда құрамына қабылданған болатын. Алайда соңғы сәтте кей қатысушылар түрлі себептерге байланысты жарысқа қатыса алмайтыны туралы хабарласып құлағдар етсе, кей қатысушылармен хабарласу мүмкін болмай отыр. Осыған орай команда құрамына енген қатысушылар ертең сағат 15:00-ге (Астана уақытымен) дейін жетекшілеріңізбен байланысқа шығуларыңызды өтінеміз. Үлгермеген үміткерлер жарыстан шеттетілетін болады! Егер команда құрамына енген үміткерлер жарыстан шет қалып жатса, командалар тең құрамда қайта толығуы үшін қатысуға өтініштер қабылданатын болады.

Байқау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Осыған дейін байқаудың мақсат-міндеттері мен ережелерін жариялаған болатынбыз. Бір аптада жарияланған әр қатысушының екі блогы ережеге сәйкес есепке алынып, апта соңында рейтингі түзіледі. Рейтинг - қатысушылардың жекелей және командалық көрсеткіші негізінде жарияланады. Ал бағалау жүйесі төмендегідей:

100 көрілім = 1 ұпай

қолданушының 1 пікірі = 5 ұпай (қолданушының 1 пікірі ғана есепке алынады)

1 лайк = 2 ұпай

редакция тарапынан = 10 ұпай (10 блогқа)

жанкүйерлер блогы = 3 ұпай

Блогтардың ұпай есептелу нәтижесі жұма күні түнгі сағат 00:00-де тоқтайды. Одан кейінгі көрілім, пікір, лайк пен жанкүйерлер блогы есепке алынбайтын болады.

Қатысушылар мен жетекшілер бір-бірлерімен етене араласу үшін және көмек көрсету үшін форумды пайдалана алады. Онда қатысушылар жетекшілерінің жеке парақшасына жазбай-ақ, сұрағын сонда жазып кетсе болады. Ал егер топтағы қатысушы ол сұрақтың жауабын білген жағдайда жауабын қалдырып кете алады.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз! Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!

Ө. Сансызбай