Байқау басталды!

Байқау басталды!
Фото: Massaget.kz

Құрметті байқауға қатысушылар, біз сіздерге "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауындағы топ құрамдары толығымен жасақталғанын хабарлаймыз. 29 маусымнан бастап блогтарыңызды жариялай аласыздар. 

I. Байқау шарты бойынша, қатысушылар өздеріне бес жетекшінің ішінен бір жетекшіні таңдап, топ жасақтаулары тиіс болған. Нәтижесінде қатысушылар белсенділік танытып, топ аз уақыт ішінде жасақталып үлгерді. Олар:

Жолдас Өрісбаевтың "Эрудит" тобы:

1. Оразбек Пернебай
2. Мөлдір Қуат
3. Ерлан Лаханов
4. Гауһар Орынбасар
5. Жандарбек Есірген
6. Атаханов Бөріхан 
7. Айзере Рахманбердиева
8. Аяжан Сағиева

Қарлыға Бүйенбайдың "Томирис" тобы:

1. Назым Сапарова
2. Сара Сейітжанқызы
3. Aрай Баймахан
4. Гүлдәрі Құрманбек
5. Әсем Жолдасова
6. Жаханшах Матқасым
7. Мөлдір Жұбаева
8. Салтанат Сапарғалиқызы

Ербол Жұмабайұлының "Мұзбалақ" тобы:

1. Алдияр Байменов
2. Мәлік Сейтбек
3. Сұлтан Орынбасар
4. Аяжан Бәзілжанова
5. Жадыра Марат
6. Жұлдызай Мусаева
7. Лунара Аманғалиева
8. Ақерке Ашимақын  

Шерхан Талаптың "Хан tengri" тобы:

1. Сағыныш Тасболат
2. Аятжан Асқарбек
3. Жадыра Ерболған
4. Айсәуле Тілеуғали
5. Дина Бөкебай
6. Мерей Әділқызы
7. Дәулетбек Муятов
8. Ақерке Ерболған

Нұрбол Нұрмаханұлының "Парасат" тобы:

1. Алтынай Жырғалбай, 
2. Саламат Сетеш, 
3. Жанерке Жұмабайқызы.,
4. Фарида Бейсенқожа,
5. Ainur Ismailova, 
6. Арайлым Сауранбай, 
7. Ақжан Төлепберген
8. Ақбаян Қоныс
9. Астанай Бақыт

II. Ендігі кезекте әр топ жетекшілерімен бірге өз тобының ұранын шығарады. Топтың мүшелері өз жетекшісімен бірге етене араласып, өзара ақпарат алмаса алады. Яғни байқауды түсінбеген жағдайда немесе байқау кезінде көмек керек болса, кез келген уақытта хабарласуына болады. Жетекшілер өз тарапынан тобын алға сүйреуге әрекеттенеді. 

Келесі аптада қатысушы екі блог жазуы тиіс: біріншісі - өзі туралы мәлімет, екіншісі - мақсаты туралы блог. 

 Бірінші блогқа қойылатын талаптар:

≥ қатысушының аты-жөні;
≥ өзінің жеке суреті;
≥ өмірдегі ұстанымы;
≥ сүйікті немесе еліктейтін тұлғасы (неліктен);
≥ хоббиі;
≥ бос уақытында айналысатын ісі;
≥ бауқауға не себептен қатысуға ниет білдірді;
≥ алдағы уақытта Массагет порталы қандай байқау немесе жарыс ұйымдастырғанын қалайды (ұсынысы);
≥ байқау туралы жеке пікірі.

Екінші блогқа қойылатын талаптар:

≥ мақсаты, егер көп болған жағдайда тізбектеп жазу;
≥ не себептен тап осы мақсаттарды қойды;
≥ өз мақсатына қол жеткізу үшін не істеуі керек (жоспар т.б.);
≥ жекелей немесе топтық жеңістің маңызы;
≥ байқауға қатысудағы мақсаты;
≥ байқаудан қандай нәтиже күтетіндігі туралы аз-кем ой.

Қатысушы міндетті түрде негізі бар, нақты мақсат қою қажет. Мысалы, егер қатысушы ағылшын тілін нашар білген болса, ол екі ай ішінде "Elementary" деңгейіне дейін көтере алады. Тағы бір мысал, математиканы жақсарту, екі айда "Абай жолын", "Ботакөз", "Қан мен тер", Өмір мектебі, "Көшпенділер" кітабын оқу т.б. Әр қатысушының мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, аз уақыт аралығында бірнеше мақсатты бірдей алып жүруге болады. Ол әр адамның өз еркінде. Қатысушылардан мақсат қою барысында мұқият болуды сұраймыз. Алдымен, барлығын саралап алғандарыңыз дұрыс. Оны тіпті өз жетекшілеріңізбен бірге кеңессеңіздер болады. Кез келген мәлселені жетекшілерден сұрастыра аласыздар. Ең бастысы, еріншектікке мойымай, өзін-өзін жетілдірумен, дамытумен айналысу керек. 
 
 
PS. Байқау кезінде үй шаруасын және өзіндік мәні бар жұмыстарыңызды қалыс қалдырмауға тырысыздар.
 

III. Қатысушы апта сайын өз мақсатына қалай қол жеткізіп жатқандығы туралы екі блог жариялайды. Әр аптаның ең үздік ойыншысы және топтық көрсеткіші дүйсенбі сайын шығып отырады (командалық есеп, жеке есеп). Қатысушылар өз мақсатына жету үшін әрекет жасап жатқандығын сурет, видео, рецензия және т.б.-мен дәлелдейді. Мұны жетекшілерімен кеңеседі (Бұл мақсатының қандай екендігімен байланысты). Мұнымен қатар, жанкүйерлер блогының атқарар рөлі көп. Олардың блогы он ұпайға бағаланатындықтан, мүмкіндігінше жазылып тұрғаны жөн. 

Қатысушылар мен жетекшілер бір-бірлерімен жақсы араласу үшін және көмек көрсету үшін форумды пайдалана алады. Онда қатысушылар жетекшілерінің жеке парақшасына жазбай-ақ, сұрағын сонда жазып кетсе болады. Ал егер топтағы қатысушы ол сұрақтың жауабын білген жағдайда жауабын қалдырып кететді.

IV. Байқаудың соңғы аптасында жетекшілер өз топ мүшелеріне арнайы тапсырмалар береді. 

V. Жеңімпаздар марапатталады.

Н. Нұрмаханұлы