Мақсатқа жеткізер көшбасшы

Мақсатқа жеткізер көшбасшы
Фото: massaget.kz

Жақында ғана жарияланған «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы біз ойлағаннан да қызықты басталды. Бұл байқау оқушылардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізудің бір жолы болатын. Ереже бойынша қатысушылар алдымен өз жетекшсін таңдап алуға міндетті. Массагет тілшілері арасында Нұрбол, Ербол, Қарлыға, Жолдас, Шерхан сынды жетекшілерден құралған топ өз командасын жинау үстінде. Осы орайда жетекші таңдай алмай әуреге түскен оқушыларға аз-кем кеңес бере кеткім келеді.

«Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!» байқауы басталғаннан бері Жолдасты таңдаған жастардың саны 8-ге жетті. Оразбек Пернебай, Ержан Күзембаев, Ерлан Лаханов, Гауһар Орынбасар, Жандарбек Есірген, Атаханов Бөріхан, Айзере Рахманбердиева, Аяжан Сағиева сынды қатысушылар Жолдас Өрісбаевты өз жетекшісі деп таныды. Бұл – тілшіге артылған үлкен сенім десек болады. Қазақ қоғамының интеллектуалдық деңгейін көтеруді мақсат тұтқан ол еліміздегі әрбір қазақ баласы энциклопедиялық біліммен сусындауы тиіс деп есептейді. Жолдас өзі де білімді, білікті жігіт. Кез келген тақырыпта сізбен еркін сөйлеседі. Оның жан-жақтылығы командасы үшін аса пайдалы болары анық. Жолдастың басты қасиеті – ісіне жауапты, сөзіне берік, ісіне ұқыпты.

Массагет оқырмандары әр апта сайын Жолдас Өрісбаев жүргізетін «Ағылшын тілін үйрену сабақтары» туралы жақсы біледі. Ол қаншама жасты тіл үйренуге үндеп, бар білген-түйгенін үйрету үстінде. Бұл орайда Жолдастың «Work and Travel» бағдарламасы бойынша АҚШ-та тәжірибе жинақтап келгенін атап өтсек болады. Сондай-ақ, ол Ұлттық қазақ тілі корпусының (ҰҚТК) алғашқы нұсқасының құрушыларының бірі. Жанкүйер ретінде Жолдас бастаған топқа сәттілік тілеймін!

B. ZHAQSYMBET