Шерхан шыңға шығарады

Шерхан шыңға шығарады
Фото: massaget.kz

Порталымыз "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" атты байқау бастағанынан көзіқарақты оқырман хабардар болар. Байқау шарты бойынша, қатысушылар өздеріне бір-бір жетекші таңдап, топ құрады. Байқауға қатысушыларға арнап біз бес жетекшіні жеке-жеке таныстырып өтуді ұйғардық. Таңдау еркі өзіңізде!

Жетекшілердің бірі Шерхан Талап – қара сөздің жілігін шағып, майын ішкен сөз шебері, Оралдан шыққан от тілді, орақ ауызды жас ақын. Жас та болса, жүзден жүйрік шығып, XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша лауреат атанды. Басқа да жыр додаларында топ жарып жүрген Шерхан бойына біткен ақындығымен шектелмей, дарынды адамның жан-жақты дарынды болатынын дәлелдеуде. Ол бүгінде Massaget.kz порталының редакторы. Ұжымда талап қоя білетіндігімен, әділдігімен ерекшеленеді. Егер Шерханның тобына қосылсаңыз, ол сізді тек жеңіс шыңына жетелейтініне бек сенімдімін. Жеңімпаз болғысы келетіндер жеңімпаз адамды таңдаса, нұр үстіне нұр емес пе?! 

Жетекші ретінде Шерханды таңдаймын десеңіз, төмендегі пікір жазу алаңына аты-жөніңіз бен өзіңіз туралы шағын мәлімет жазсаңыз болады. 

А. Жапатова