Ұлыбритания шенеуніктері оқушыларға сленг қолдануға тыйым салды

Ұлыбритания шенеуніктері оқушыларға сленг қолдануға тыйым салды

Жер бетіндегі мектептерде оқушылар әртүрлі тілде сөйлеседі. Мұнымен қатар, өзге де айырмашылықтары да жоқ емес. Олай болса, сол айырмашылықтардың ең қызықты дегендерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлыбритания мектептері

Ұлыбритания шенеуніктері 11-18 жас аралығындағы балаларға сленг қолдануға тыйым салған екен. Тіпті, олар «привет»⁄«пока» сынды сөздерді ресми түрде айтуға міндетті. Яғни «қайырлы таң»«көріскенше» сынды айтулары керек. Бұдан өзге сөзді қысқартуға тыйым салады. Мемлекет басшылары мектептерде тек әдеби, стандартқа сай ағылшын тілі қолданылуы керектігі туралы айтады. Осылайша оқушылардың сөздік қорын молайтып, мәдениетті сөйлеу тәртібін қалыптастырғылары келеді. Шенеуніктер әрбір айтқан сөзін қадағалай алатын оқушы болашақта ең жоғары деген қызметке орналаса алатындығын алға тартады.

Франция мектептері

Франция мектептері ұлттық құндылықтарын қадірлей білетіндіктерімен ерекшеленеді. Аталған мемлекетте 2-3 жастағы баланы мектепке дейінгі дайындықтан өткізеді. Педагог, психолог мамандар сәбилермен жұмыс істеп, білім теңізіне сүңгуге дайындайды. Балалар небары 5 жасында әріп тануды үйреніп, ең алғашқы сөздерін оқи бастайды.

Францияда бастауыш мектептегі білім алу үрдісі 5 жылға дейін жалғасады. Артынша колледжде 4 жыл оқиды. Одан кейін 2-3 жыл білімдерін лицейде немесе жоғарғы мектепте жалғастырады. Болашаққа деген бағытты білім беру үрдісінің үшінші кезеңінде алады. Лицейдегі оқу бағдарламасы өте қиын болғандықтан, оны франциялық оқушылардың тек 80%-ы тәмамдайды. Франция мектептерін Еуропадағы ең үздік білім ордалары деп атауға болады.

Қазақстандық оқушыларға да сленгті пайдалануға тыйым салу керек пе?

Сурет: nis.edu.kz

Қ. Бүйенбай