Заманауи оқушылар нені армандайды?

Заманауи оқушылар нені армандайды?

Synovate Comcon сараптамалық агенттігі заманауи оқушылардың нені армандайтынын анықтады. Айта кетсек, жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі қымбат сандық техника алғысы келетінін айтады. Олар брендтің қымбат болуы оның сапасына байланысты деп білсе керек.

Жасөспірімдер брендтерге аса көп көңіл бөледі.

Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің туған күнінде немесе Жаңа жыл қарсаңында сыйлыққа жаңа iPhone алғысы келетінін айтқан. Сонымен қатар, олардың 18%-ы компьютер және мобильді телефонға ие болғысы келеді екен. Ал 10-15 жас аралығындағы оқушылар белгілі бір брендтің өнімдерін қолдануды қалайды. Мысалы, iPhone немесе iPad, яғни Apple компаниясының өнімдері.

Сараптамалық сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы жоғары сынып оқушысы iPod өнімін армандайтынын жасырмаған. Жасөспірім оқушылардың 22%-ы ақшалай сыйлыққа ие болуды қаласа, 18%-ы саяхат билетін алуды армандайды екен.

Одан бөлек, 7-9 жас аралығындағы әрбір төртінші оқушы ойын консолын, әрбір бесінші компьютерді, сондай-ақ, әрбір оныншы iPhone смартфонын армандайды.

Ал массагеттің оқушы оқырманы нені армандайды?

Сурет: old.liter.kz

Қ. Бүйенбай