Біріккен Араб Әмірлігінің білім беру жүйесі қандай?

Біріккен Араб Әмірлігінің білім беру жүйесі қандай?

БАӘ-де барлық бала бастауыш мектепте білім алуға міндетті. Мемлекет азаматтары мектеп қабырғасында тегін білім ала алады. Біріншіден, 4-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім беру ошақтарында оқиды. Екіншіден, 6 жыл бойы бастауыш мектепте оқып, артынша 3 жыл бойы толымсыз орта білім беретін мектепті тәмамдайды. Үшіншіден, 3 жыл бойы толық орта білім беретін мектепте оқиды.

Ақсүйектерге арналған мектепте ұлдар мен қыздарды бөлмей оқытады. Ал діни білім беретін мектептердің жайы басқа. Мұнымен қатар, БАӘ шекарасында британдық, ресейлік мектептердің бар екенін де айта кетуіміз керек.

Ең алғаш рет 1953 жылы Шаржда британдық мектеп ашылған. Дубай мен Шарждағы орыс мектептері өз кезегінде сол аймақта тұрып жатқан орыс балалары үшін құрылған.

1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін білім беретін орыс мектептерінің білім беру туралы лицензиялары бар. Аталған мектептерді тәмамдаған соң түлекке толық орта білім туралы аттестат беріледі.

Ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мектептердің арқасында кәсіби білім беру үрдісі жүзеге асады. Солардың ішінен Абу-Дабиде орналасқан орта техникалық мектепті, мұнай өнеркәсібі мамандарын дайындайтын ЖОО-ны, Шарждағы орта мектепті, жеке педагогикалық институтты, қыздар педагогикалық институтын ерекше атап көрсетуге болады.

БАӘ-дегі білім деңгейі өте жоғары, әлемдік стандарттарға толығымен сай келеді. ЖОО-лары беретін дипломдарын әлемнің барлық мемлекеті мойындайды. Айтпақшы, жоғарғы білімді тек БАӘ-де ғана емес, мұнымен қатар Америка, Аустралия және Англиядағы филиалдарында алуға болады.

Мектептер мен ЖОО-ларда тек сапалы кадрлар ғана білім береді. Мұнымен қатар, оқу бағдарламасы америкалық, аустралиялық стандарттарға сай келеді. Ал дәл қазір талапкерлерге бизнес, экономика, менеджмент, маркетинг, ақпараттық технология саласындағы түрлі мамандық ұсынылады.

Студенттер қолдарындағы дипломдарының арқасында Дубайда мансап жолын құрастыруға, беделді қызметке орналасуға мүмкіндік алады. Дәл қазір аталған елде білім алғысы келетіндер бір академиялық жыл үшін 5 000-нан 11 000 АҚШ долларына дейін төлейді. Мұнымен қатар, ай сайынғы шығыс құны 700 долларды құрайды.

Таңдаған ЖОО-мызға сәйкес араб, ағылшын және орыс тілдерінде білім алу құқығымыз бар. Экзамен бір семестрде екі рет жүргізіледі. Ал бір семестр 10 аптаға созылады. Жыл бойы демалыссыз оқып, оқу жылын жылдам аяқтауға болады. Мемлекет студенттерге көмек болсын деген ниетпен жатақхана мен ЖОО ғимаратын интернетпен жабдықтаған. 3-4 жыл ішінде бакалавр дәрежесін, 2-3 жыл көлемінде магистр дәрежесін алуға болады.

Дубайдағы Британия университеті магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Аталған оқу орны негізгі зерттеу орталығына айналып отыр. Оның беретін білімінің сапалы екендігіне Білім министрлігінің өзі кепілдік беруде. Британия университетін тәмамдаған соң түрлі ғимарат құрастыру жобаларына ат салысуға, ақпараттық технология, банк жұмысы сынды салаларда қызмет етуге болады. Бағдарламаның бағасы шамамен 20 000 долларды құрайды. Ал бағдарлама бойынша тапсыру үшін орта білім туралы аттестат және ағылшын тілін білетіндігіңіз туралы сертификат ұсынуыңыз керек.

Сурет: rudaki.ru

Оқи отырыңыз:

Үндістанның білім беру жүйесі қандай?

 Қытайдың білім беру жүйесі қандай?

 Францияның білім беру жүйесі қандай?

 АҚШ–тың білім беру жүйесі қандай?

Қ. Бүйенбай