Оқушылар бос уақытын қалай өткізеді?

Оқушылар бос уақытын қалай өткізеді?

Мектептегі сабақтар оқушының қажырлы еңбегі мен көп уақытын талап етеді. Ал оқушы өз кезегінде сабақтан кейін демалғысы келеді. Қандай жағдай болмасын, демалыс күндері табиғат аясына шығып, жаттығулармен белсенді түрде айналысқандары жөн. Мұнымен қатар, театрға барып, қызықты кітаптар оқығандары дұрыс.

Оқушылар демалыс күндерін алдын ала жоспарлау арқылы өзін тәртіпті болуға шақырады. Ал физикалық белсенділік денсаулықтарының мықты болуын қамтамасыз етеді. Ақыл-ой еңбегін іске қосатын демалыстарды да ұмытпау керек.

♦ Қыстың қақаған аязды күндері болса да, демалысты таза ауада өткізген жөн. Мұнымен қатар, ата-анамыздың жанында болудың маңызы зор. Бұл өз кезегінде отбасы мүшелері үшін де пайдалы болмақ.

♦ Волейбол, футбол, баскетбол сынды командалық ойындар ұжымның бірлігін нығайтады. Ал қыстыгүні хоккей, шаңғы сынды спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыруға, артынша жеңген топқа театрға немесе киноға билет ұсынуға болады. Мұның барлығы қатысушылардың қызығушылықтарымен тікелей байланысты.

♦ Сабақтан бос уақытта бассейнге бару арқылы бойды жазу мүмкіндігіне ие боламыз. Жүзуді білмейтіндер үшін жаттықтырушының көмегі қажет болады. Ал қыз балалар өз кезегінде су аэробикасын таңдаулары мүмкін.

♦ Бос уақытта баруға арналған түрлі үйірме бар. Мұндай үйірмелер мектепте және одан тыс жерде де құрылады. Оны ұстаздар өз бетінше ұйымдастыра алады.

♦ Балалар мен жасөспірімдерге арналған пьесаға бару арқылы қызықты сәттерді бірге бастан кешіруге болады. Оқушылардың қатысуымен қойылым ұйымдастырып, оны мектепте қоя аламыз. Бала әртістер осылайша өзіне лайық рөлдерді сомдау мүмкіндігіне ие болады.

♦ Көп оқушы фабрика мен өнеркәсіп орындарының қалай жұмыс істейтініне, заттардың қалай жасалатынына қызығады. Сол себепті, түрлі экскурссия ұйымдастыруға болады.

Сурет: voxpopuli.kz (өңделген)

Жапонияда 3 түрлі мектеп бар

Массагет оқушы қыздың арманын орындады

Оңтүстік Корея оқушылары бар уақытын білім алуға жұмсайды

Ұстазыңызға ұнағыңыз келсе

Қ. Бүйенбай