Оқушы: "Мектептің маған қандай пайдасы бар?"

Оқушы: "Мектептің маған қандай пайдасы бар?"

Мектеп деген кезде есіңізге бірінші не нәрсе түседі? Бір оқушылар оны жалықтыратын, уақытты босқа жоғалтатын, арасында күйзеліске тап болуға мәжбүрлейтін қажетсіз мекеме десе, екіншілері оны ғылым ордасы, қызықты кітаптарға толы деп бағалайды. Бірінші көзқарасты жақтайтын оқушылар, мектептен білім алудың орнына, өзіне ұнайтын іспен айналысқанды жақсы көреді. Олар мектептің әлеуметтік өміріне мүлдем араласпайды. Ал оларды білімге қалай қызықтыруға болады? Біздерге мектептің не қажеті бар сынды? Сұрақтардың төңірегінде әңгіме қозғайық.

Барлығымыз қайталанбас тұлға болғандықтан, ақпаратты да түрліше қабылдаймыз. Бір оқушылар үй тапсырмасын толығымен орындап келсе, екіншілері біреуінен кейін-ақ жалығып жатады. Мұны өзгерту қолымыздан келе бермейді. Балада білімге деген құштарлық пайда болуы үшін, алдында мақсаты пайда болуы тиіс. Мысалы, бір арманға қол жеткізу үшін білімнің қажеттілігі туындауы керек. Ал қатарластарымыздан ақылдырақ болған жағдайда, олар біздің сөздерімізге құлақ асады.

Ал алдымызға қойған мақсатта бізге тиетін пайда болуы тиіс. Сонда мектептегі білімнің қандай қажеттілігі бар? Мектеп ақпаратты алып, оның керегін қажеттілікке жаратып үйрену үшін қажет. Мұнымен қатар мектептегі білім тек ғылым саласында ғана емес, жеке өмірде де үлкен септігін тигізеді. Көп нәрсені мектептегі оқулықтардан үйренеміз. Мұнымен қатар қоғамға сіңісе бастаймыз.

Бұл жерде қиындықтарымызды өзіміз шешіп, логикалық түрде ойлауға үйренеміз. Ұстамдылық пен сабырлық, табандылық, қоршаған ортамен байланысқа түсу сынды мінездің барлығы да мектептегі өмірдің арқасында қалыптасады. Үлкен өмірге дайындықсыз қадам жасаған ұнай ма? Олай ешкімнің де жасағысы келмейтіні анық. Кез келген адам қиындыққа тап болған кезде, оны шешу үшін осы күнге дейін үйренген тәсілдерін пайдаланады.

Пайдалы әдеттер. Мектеп еңбектенуге үйретеді. Адал еңбексіз еш нәрсе де жасай алмаймыз. Ал оқушылардың басты жұмысы – білім алу. Сондықтан да мектеп ұнамайды деп уақытты босқа құртпаған абзал. Одан да білімге деген құштарлықты оятуға уақытты шығындайық. Мектептегі білім үлкен өмірдің іргетасы секілді.

Мұнымен қатар мектепте ұстаздардың да әсері мол екенін айта кетуіміз керек. Мейірімді әрі білімді ұстаз – нағыз алтын. Мектепті бітірген соң ең бірінші еске түсіретініміз де сол жандар.

Ал сіздің мектеп туралы пікіріңіз қандай? Оны ортаға сала отырыңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ttolk.ru

Қ. Бүйенбай