«Сандық буын» өмірін смартфондар қалай өзгертті?

«Сандық буын» өмірін смартфондар қалай өзгертті?
Фото: freepik.com

Смартфондар жасөспірімдердің өмір құндылықтарын толықтай өзгертті: қоғамдағы дағдыларынан бастап олардың ақыл-ой саулығы. Желі бар жерде жасөспірімнің екінші өмірі басталады.  

Бүгінде жасөсіпімдер құлыптаулы тұрған үйде еш қиындықсыз отыра алады. Олар ерте есеюге асықпайды, көше кезіп, тек "ересектерге ғана тән дағдыларға" аса қызығушылық танытпайды.

2016 жылы АҚШ-та 1991 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы жүктілік 67%-ға төмендеген.  Сонымен қатар, «Сандық буын» аталатын жастар тобы суицидке, өзге буанға қарағанда жиі барады.

Технологиялардың дамуы жасөспірімдердің ішкі әлемін өзгертті. Егер бірнеше жылдар бұрын өз қатарластарының арасындағы атақты  жасөспірімдер ешкімге белгісіз кештердің жұлдызы болса, бүгінде олар өз өмірін ашық желіге жүктейді. Бұл жасөспірімдер арасындағы қызғаныш пен алғыздық сезімінің артуына себепкер болды. .

«Сандық буынды» ғылыми түрде digital natives деп атайды. Олардың есеюге асықпауынын себебін ата-ана баласы үшін барлық істі алдын-ала атқарып қоятындығымен түсіндіреді.

Олар бос уақытын қалай өткізеді?
Әркез телефонмен өткізетіні жасырын емес.  Күн сайын кездесетін достардың саны 2015 жылы 40%-ға төмендеген. 
Бос уақытын ғаламторда өткізетін жасөпірімдер өздерін басқаларға қарағанда әлдеқайда бақытсыз сезінеді. 

Т. Есқали