Оксфорд жайлы не білесіз?

Оксфорд жайлы не білесіз?
Фото: virako4a - LiveJournal

Әлемдік университеттер арасында тарихы тереңде, көптеген белді тұлғалар бітірген университет қатарына Оксфорд университетін жатқыза аламыз. Оксфорд жайлы не білесіз?! Күні бүгінге дейін сапасын түсірмеген бұл университет жайлы біле жүріңіз, ендеше?!

1. Университет ең алғашқы ашылған жылын нақты білмейді. Дегенмен, 1096 жылы бітірген түлектер жайлы мұрағатта кезеседі. Демек, университет мыңжылдықты бастан өткізді.

2. Оксфорд тарихында ақысыз оқу болмаған. Бүгінгі күннің өзінде сырттан барған студенттердің оқу ақысын мемлекет төлейді немесе келісімшарт бойынша қарыз есебінде өтейді.

3. Оксфордқа түсу үшін мемлекеттік емтихан барлаушыларының алдынан өтесіз. Одан бөлек, жазбаша тест тапсырасыз.  Университет басшылығымен пікір алмасасыз. Ағылшын тілін ағылшындардан кем білмеуіңіз керек. Орташа көрсеткіш бойынша IELTS - 7.0,  TOEFL - 110 болуы шарт.

4. Оксфорд университетін бітірген түлектерді білесіз бе?! Атақтылардың қатарында : Маргарет Тэтчер, Оскар Уайлд, Билл Клинтон, Индира Ганди, Джон Локк сынды ірі тұлғалар бар.

5. Университтеттің орташа ақысы – 8000фунтты құрайды. Медицина мамандығы бүгінгі таңда 25000 фунтқа жеткен.

6. Оқуға қабылдау қазан-қараша айларында жүзеге асады. Сіз білуге тиіс тағы бір дүние – Оксфордқа тапсыру сәтінде Кембриджге қатар тапсыра алмайсыз. Екі университет ережесінде де дәл осылай.

7. Оксфордтың бүгінгі таңда өзіне тиесілі 38 колледжі бар. Коллежді үздік аяқтаған студент университетке жазбаша емтихансыз түсуіне мүмкіндігі бар. Өзге колледжден келушілерге талап қиын.

8. Король ұрпақтары, лауазымды тұлға иелерінің балаларына арнайы дәрістер оқытылады. Жабық лекциялар аталмыш студенттерге ғана өткізіледі.

9. 1920 жылға дейін университет әйелдерді қабылдамаған. 1920 жылдан бастап қыздар қауымына да жол ашылып, мүмкіндік туды.

10. Жаз мезгілінде арнайы тіл үйрету мақсатында 100-ден астам курстар іске қосылады. Бұл жердегі дәрістерді магистранттар жүзеге асырып отырады.

Әлемдік деңгейдегі қандай университет жайлы білгіңіз келеді?! Бөлісе отырыңыз.

 

Ә. Жутаева