Сабаққа үнемі кешігесіз бе?

Сабаққа үнемі кешігесіз бе?
Фото: ZhambylNews.kz

Мектеп өмірінде түске дейін және түстен кейін оқу үрдісі бар. Жоғарғы сыныптар көбіне түске дейін оқыса, төменгі сыныптар түстен кейін оқып жатады. Таңғы ұйқыны қимай, еркелікке салынып, кей оқушыларымыз сабаққа кешігуді әдетке айналдырып алған. Бұл – жаман әдет. Кей оқушылар автобуспен қатынайтындықтан, жол кедергілеріне ұшырап жатады. Олай болса кешірімді. Күнделікті кешігіп отырсаңыз, мұғалімнің алдында да, сыныптастарыңыздың алдында да беделіңіз болмайды. Сабаққа кешікпеудің кеңесіне көз жүгіртіңіз, ендеше:

1. Жоспармен жүруге дағдыланыңыз. Сабақтан келгеннен кейін ертеңгі күннің киімін үтіктеп , дайындап қоюға уақыт табыңыз.

2.  Сабақтан келгеннен кейін ұйықтауға бейім болмаңыз. Керісінше, физиологиялық тұрғыдан шаршайтындай үй тірліктерімен айналысыңыз. Сол кезде кешке ерте ұйықтайсыз.

3. Ерте ұйықтасаңыз, ерте тұруға да бой үйретесіз. Күнделікті сағат 6-да тұрып дағдыланыңыз. Өзіңіздің санаңызды да соған сай қалыптастырыңыз. Өзіңізге ерте тұруды міндеттеп, оны орындай алсаңыз, жақсы жетістікке жол бастағаныңыз.

4. Алтыда тұрған адамның таңғы ас ішуге, таңғы жаттығу жасауға мүмкіндігі зор. Оның үстіне киіміңіз бен қажет оқу-құралдарыңыз дайын тұратын болса, тіпті керемет.

5. Уақытпен санасып үйреніңіз. Мектебіңіз үйден алыстау болса, күнделікті уақыттан 10 минут ерте шығуды әдетке айналдырыңыз. Білім алуға он минут ерте барсаңыз, ештеңе етпейді.

6. Техника болғаннан кейін ақаулар болып жатады. Қыс мезгілінде ерте қамданыңыз. Жолдың ауыртпалықтарының әсерінен түрлі жағдайлар орын алуы  мүмкін.

7. Жаттығу жасап, таңғы ас ішіп шыққан адам күні бойы сергек жүреді. Сабақта да ұйқыға бой алдырмайсыз.

8. Сабақты түскі ас ішіп болғаннан кейін оқып тастаңыз. Мүмкіндігіңіз болып жатса, тым кеш уақытта сабақ оқымауға тырысыңыз. Денсаулыққа зиян, оның үстіне уақыт ережесі бұзылады.

9. Өз жұмыстарыңызға сай жоспар жасап алыңыз. Сабақ, түскі ас, кездесу, серуендеу, үй тірлігі сынды дүниелерді қалыпқа келтіріп алғаныңыз жөн.

10. Жалқаулықтан арылыңыз. Ұялы телефонға тәуелді болмаңыз. Аталмыш қарапайым ережелерді орындай алсаңыз, болашақта сізден жақсы адам шығады.

Сабаққа кешікпей үйренсеңіз, келешекте жұмысқа да кешікпейсіз. Адам күнделікті бір жүйемен бір ай жүретін болса, сол жүйеге әбден бейімделеді. Сіз де таңғы алтыда тұрып бейімделіңіз. Пайдасы зор зияны жоқ.

Ә. Жутаева