Түлектерге арналған олимпиада

Түлектерге арналған олимпиада
Фото: ianscyberspace.com

Алматы Менеджмент Университеті (Almaty Management University – МАБ) Қазақстанның 10 қаласында 11-сынып оқушыларына және колледж түлектеріне  арнап олимпиада ұйымдастырады. Астана қаласында 22 сәуір күні, Алматы қаласында 24 сәуір күні,  Талдықорғанда 30 сәуір күні өткізілмек.

Олимпида үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазады, екінші турда IQ тест арқылы интеллекутуалды білімдерін сынайды, ал үшінші кезеңде география, физика, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі пәндерінің бірін таңдап, тест тапсырады.

Үш 100% грант, бес 50% грант және жиырма екі 25% грант сыйға беріледі. Үш кезеңнің ұпайы қосындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

Олимпиадаға тек бір-ақ рет қатысуға мүмкіндік беріледі. Мына сілтеме арқылы өтіп, алдын ала тіркеуден өту керек.

Қосымша ақпаратты:  +7 (727) 302 21 53, 313 30 90 (93)

Г. Берік