Бүгін жас гроссмейстер Жансая Әбдімәлік 16 жасқа толды

Бүгін жас гроссмейстер Жансая Әбдімәлік 16 жасқа толды
Фото: reactor.inform.kz

Бүгін қазақтың жас шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік 16 жасқа толды. Ол он төрт жасында гроссмейстер атанған.

Шахмат әлеміндегі ұстазы өз әкесі – Данияр Әшіров. Жас Жансая 6 жасында-ақ 2006 жылы Алматы қаласы бойынша 8 жасар қыздар арасында өткен шахмат жарысында алғашқы жеңіске ие болған. 2007 жылы Респубкликалық байқауда 9 ұпайдың 8,5-ін еншілеп, жеңіс тұғырына көтерілген. Сол жылы маусым айында алғаш рет ел асып,  Украинада ел намысын қорғап, алтын медальға ие болған. Осы жолдан кейін халықаралық деңгейдегі шахматшы ретінде танылып келеді.

Ол 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орынға ие болды. Жас шахматшы Алматы қаласында жеке шахмат академиясын ашқан.

Жансаяны Массагет ұжымы шын жүректен құттықтайды! Замандастарына үлгі болып, елдің туын жеңіс тұғырынан түсірмесіне сенім білдіреміз.

Г. Берік