Таңғы ас балалардың оқу үлгеріміне әсер етеді

Таңғы ас балалардың оқу үлгеріміне әсер етеді
Фото: вк

Ұлыбритания ғалымдары таңғы астың балалардың оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін анықтады.

Зерттеу авторлары жұмыстарының қорытындысын Public Health Nutrition журналына жариялады. Диетологтардың сөзіне қарағанда, таңғы ас ішу балалардың оқу үлгеріміне оң ықпал етеді.

"Ғалымдар ұлыбританиялық жүз мектептің 9-11 жас аралығындағы 5 мың оқушысы арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында балалардың тамақтану тәртібінің ерекшеліктері мен қолданылатын азық-түлік түрлері (ас мәзірі) анықталды. Бұл мағлұматтарды жинаған ғалымдар, 6-дан 18 айға дейін балалардың оқу үлгерімін бақылады", − делінген жарияланымда. 

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, таңғы ас ішкен балалардың оқу үлгерімі өзгелердікінен екі есе жақсы болады. Сонымен қатар, сарапшылар таңғы астың сапасына да мән берді, сапасыз, яғни тәттілер мен чипстер жеген балалардың оқу үлгерімі жақсы көрсеткіш көрсетпеді. Ал оқушылардың әрбір бесіншісі тап осы өнімдерді таңғы асқа жеген.

Дереккөз: kaz.tengrinews

С. Ерсін