Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары атмосферадан электр қуатын өндіру жобасын ойлап тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары атмосферадан электр қуатын өндіру жобасын ойлап тапты
Фото: 24.kz

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері ауа ағынынан электр қуатын өндіруге болатынын дәледеді.

Болашақ физика және математика мамандарын даярлайтын мектеп шәкірттерінің өзге салада да табыстары жетерлік. Мәселен соңғы үш жылда республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысқан жүзге жуық шәкірт жеңімпаз атанды. Қазіргі зияткерлер ел болашағын қалай елес етеді?

Дебо Огунби – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Физика-математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектеп үшін білікті маман бәрінен де маңызды. Бұл ретте Тұманды Альбионнан мұхит асып жеткен ұстаздың шәкірттеріне үйретері көп. «Назарбаев зияткерлік мектебі түлектерінің болашағы жарқын боларына сенімдімін. Барша әріптестерім секілді мен де осы жолда бар уақытымды сарп етіп жүрмін»,- дейді өзі.

Дебо Огунби, физика пәнінің мұғалімі: - Менің ойымша, осынау жарқын жобаның авторы Президент Назарбаев алысты болжай білетін, дана көшбасшы. Олай дейтінім, осынау зияткерлік мектептерде кемел келешектің бүгінгі елшілері – дүниетанымы кең, зерделі ұрпақ өсіп келеді. Әсіресе бұл жобаның елімізде білікті кадр әлеуетін жасақтаудағы рөлі айрықша деп ойлаймын.

Ернұр Қалихан – 10-сыныптағы  озат оқушылардың бірі. Төрт жыл бұрын ауыл мектебінде білім алып жүрген зерек шәкірттің жолы болып, осында қабылданды. Президенттің өнегелі өмір жолын әркез үлгі тұтамын. Ал таяудағы арман-мақсатым – Назарбаев Университетіне түсіп, инженер-физик мамандығын меңгеру дейді,- білімпаз өрен.

Ернұр Қалихан, 10-сынып оқушысы: - Мен Назарбаев зияткерлік мектебінде жетінші сыныптан бері оқып келемін және осы мектепте оқығалы мен барлық пәндерден терең білім алған болатынмын  Елбасымыз бізге үлкен үміт артып отыр. Сонымен қатар Қазақстанның жарқын болашағын жасауға біздерде үлкен мүмкіндік бар. Болашақта еліне пайдасын тигізуді басты мұраты санайтын шәкірттердің сөзден іске көшкеніне куә болдық. Ізденуші жастардың бұл салада жеткен жетістіктері сарапшылар назарын аудартып отыр. Тоғызыншы сыныпта оқитын Талғат пен Мерхан «Иннова 2015» аймақтық өнертапқыштар байқауында жеңімпаз атанды. Олар атмосферадан электр қуатын өндіру жобасын ойлап тапқан. Жүлде ретінде табысталған қомақты қаржыны жаңа аппараттардың құрылысына жұмсапты.

Талғат Молдаш, 9-сынып оқушысы: - Біздің жобаның мақсаты – атмосферадағы зарядталған бөлшектерден энергия алу. Яғни иондар болады, бұған дәлел, себебі атмосфераның төменгі қабаттарында ауа массалары болады, олар бір-бірімен үйкелген кезде тоқ пайда болады, яғни молекулалар  соқтығысқанда иондар пайда болады. Сол иондарды біз осы тәжірибе арқылы дәледдеген болатынбыз. Міне, тәуелсіз Қазақстанның болашақ иелері осындай, зерделі де зияткер, парасат пайымы мол әрі қолынан іс келетін азамат болып қалыптасуы тиіс. Мектептегі би, саз, робот техникасы секілді елуге тарта үйірме жетекшілерінің ортақ пікірі осындай. Білім нәрімен сусындайтын шәкірттер үшін ең бастысы – талмай іздену ғана, - дейді ұстаздар.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы