Қыздар университеті «Алтын белгі» иегерлеріне Ректор грантын ұсынады

Қыздар университеті «Алтын белгі» иегерлеріне Ректор грантын  ұсынады
Фото: www.kimep.kz

Оқуға түсе алмаған «Алтын белгі» иегерлері мемлекеттік білім гранттарына іліге алмағаны белгілі. Осы талапкерлерге Қыздар университеті Ректор грантын ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қыздар университеті" медиа орталығына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамында грантқа іліге алмаған «Алтын белгі» иегерлері туралы тақырып қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті егер «Алтын белгі» иегерлері ТМД мен Қазақстанда баламасы жоқ білім ордасында білім аламын» деп жатса, оларға Ректор грантын ұсынуды жөн деп тапты. «Бұл қолда, ең алдымен, еліміздегі дарынды балаларға деген қамқорлық» дейді оқу орын басшылығы.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – педагогикалық ЖОО ішінде бірінші орынды иеленген үздік университет. Сондай-ақ, Ұлттық аккредитация агенттігінің қорытындысы бойынша Қыздар университеті 2015 жылы Қазақстандағы 40 жетекші университеттің арасынан 7 орынға көтерілді. 2014 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Foundation (IFY) халықаралық бағдарламасы қолға алынып келеді. Университетте қосымша білім беру модулі бойынша 15 бағдарлама жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Қыздар университеті қосдипломды білім беру жүйесіне көшіп, әлемнің жетекші ЖОО-ларымен қосдипломды білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асыруда.

Қ. Бүйенбай