ҰБТ-дан сүріну – өмірден сүріну емес

ҰБТ-дан сүріну – өмірден сүріну емес
Фото: massaget.kz

2015 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі де белгілі болды. Оқуға тапсырған жас түлектің бірі – қуаныштан көзіне жас алса, бірінің өкініштен өзегі өртенуде. Тіпті, күйзеліске ұшырағандары да жоқ емес. Осы орайда, «ҰБТ-дан сүріну – өмірден сүріну емес» екенін баса айтқымыз келеді. Себебі, бұл сынақ – өткінші ғана. Биыл болмаса, келер жыл бар. Ол үшін қайғы жеп, қамығудың қажеті жоқ. Бастысы – үмітіңді жоғалтпа!

Әр күні кешкісін таңертең тұратынымызға еш кепілдіксіз ұйқыға кетеміз. Бірақ, еш нәрсеге, ештеңеге қарамастан, қай жолғыдай оятқышты (будильник) іске қосамыз. Үміт деп осыны айтады.

О. Сансызбай