Қытай оқушыларын дрондар бақылайды

Қытай оқушыларын дрондар бақылайды
Фото: businessinsider.com

Қытайда шенеуніктер экзамен тапсырып отырған оқушыларды дрондардың көмегімен бақылайды. Аталған дрондарды қатаң тәртіп орнату үшін пайдаланады. Оны алғашқылардың бірі болып Қытайдың орталығындағы Лоян білім басқармасы тәжірибеден өткізді.

«Silent» атты ұшатын дрондарды миллион жасөспірім қатар отырып экзамен тапсыратын "gaokao" сынды орталықтарда қолданады. Бұл құрал 360 градуста айналып, жарты сағатқа дейін әуеде қалқып тұрады. Бұдан өзге 500 метр биіктікте тұрып, оқушылардың техникалық құралдар пайдаланып отырғанын бірден байқайды.

Қытай еліндегі екі күнге созылатын экзамен оқушылардың тағдырын шешеді десек те болады. Бұл экзаменнің оқушылардың болашағы үшін маңызы зор.

Өзге елдерге қарағанда, Қытай елінің оқушыларға шектен тыс қысым көрсететіні рас. Оларға талапты тым жоғары қояды. ЖОО-ларда орын аз болғандықтан, білімді балалар тиісті балын алу үшін осындай әдістердің көмегіне жүгінеді. Жыл сайын 605 млн оқушы экзамен тапсырса, нәтижесінде тек үш адамның біреуі оқуға түседі.

Экзаменнің болашақтары үшін маңызы зор болғандықтан, оқушылар бар айла-тәсілді қолданып қалуға тырысады. Әдетте қаламның ішіне кішкене камера орнатып, сұрақтарды суретке түсіреді. Артынша сұрақтарды сыртта күтіп тұрған ұстаздарына жібереді. Ал жауабын көзге оңайлықпен көрінбейтін құлаққап арқылы тыңдап отырады.

Басшылық бұл ұшатын дрондарды оқушыларға ғана емес, ұстаздар мен ата-аналарға да қарсы қолданды.

Экзамендегі қатаң тәртіпке көп оқушы шыдай бермейді. Жүйкелері сыр беріп, өз-өзіне дәл сол жерде қол жұмсаулары мүмкін. Осыған орай, шенеуніктер оқушылар терезеден секіріп кетпесін деген ниетпен арнайы «Ли» торын орнатқан. Ол оқушылардың биіктен секіріп кетуіне кедергі жасайды. 

Екі жыл бұрын Цзилинь ауданында білім басқармасы ерекше қадамға барды. Қыздар көкірекшелеріне ұялы телефон жасырып кіруі мүмкін болғандықтан, оның темірін алып тастап кіргізді.

Білім министрлігі тәртіптің тым қатал екенін мойындап, оқушыларға жеңілдік болсын деген ниетпен ата-аналарымен бірге келуге рұқсат берген.

Қ. Бүйенбай