Мамандықтың бәрі жақсы: Технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру

Мамандықтың бәрі жақсы: Технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру
Фото: rudaki.ru

Технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру дегеніміз — жөндеу, монтаж жасау, өнімді басқаруға арналған автоматтық жүйені пайдалану.

Негізінен монтаж, жөндеу, автоматтық басқару жүйесін түзету, стандартты және сертификациялық тексерулер жүргізу, метрологиялық түгендеуді жүзеге асыру, автоматты басқару жүйесінің жұмысын бақылау, қажет кезде оны жөндеу сынды жұмыстармен айналысады.

Мамандықтар: технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру, өнімнің өсу циклінің автоматтануын басқару, автоматтандырылған өнімдердің сапасын компьютер арқылы бақылау, көлік құрастырудағы өндірістік жүйенің автоматтануы.

Қандай пәндерді оқуы мүмкін?

Аталған мамандықтардың бірін таңдаған студенттер ЖОО қабырғасында инженерлік және компьютерлік графика, қолданбалы механика, бағдарламалау және алгоритмдеу, электротехника және электроника, автоматты басқару теориясы, есептегіш машиналар, жүйелер мен байланыс, автоматтандырылған өнімдердің технологиялық процестері, автоматтандырылған жүйенің диагностикасы мен жарамдылығы, сапаны басқару, метрология, стандарттау және сертификаттау, жүйелер мен процестерді модельдеу, технологиялық өнімдерді автоматтандыру құралдары, құрылымдық материалдар технологиясы, құру негіздері мен көлік детальдары сынды пәндерді оқиды.

Таңдау пәні: физика

Мамандық: инженер

Аталған мамандықты таңдау арқылы елімізде жұмысқа оңай орналаса аласыз. Өйткені аталған салаға қатысты дәл қазір Қазақстанда мамандар тапшы. 

Ал сіз қай мамандықты таңдадыңыз?

Қ. Бүйенбай