Оқушылар аттестатты енді мектептен алады

Оқушылар аттестатты енді мектептен алады
Фото: Massaget.kz

Қазақстанда ҰБТ-ны өткізу туралы құжатқа өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uchi.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. 

Құжатқа сәйкес 2011 жылдың 5 желтоқсанындағы №506 «ҰБТ-ны өткізу ережелерін растау және ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылы 18 наурыздағы «Оқу үлгерімін бақылау, оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясы» бұйрығына өзгеріс енгізілді.

Бұйрықтың 48-пунктінде оқушы аттестатты ҰБТ тапсыратын кезеңде оқыған мекемеден алатындығы айтылған. Мемлекеттік комитеттің шешіміне сәйкес аттестаттат пен ҰБТ пәні бірдей болған жағдайда, орташа баға қойылады. Бағаны қою барысында оқушының жылдық қорытындысы ескеріледі. Егер тең болса, баға көтеріліп жуықтатылады.

Білім және ғылым саласын бақылайтын комитет аталған бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде өткізуге рұқсат алды. Құжат халыққа ресми таныстырылып, артынша Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына жүктеледі.

Қ. Бүйенбай