ҰБТ-2015: Тараздық түлек 125 балл жинады

ҰБТ-2015: Тараздық түлек 125 балл жинады
Фото: tn.kz

Ұлттық Бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде тараздық түлек Гүлнәз Ердосова 125 балл жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең жоғарғы балл жинаған Гүлнәз Жандосқызы Ердосова Тараздағы № 45 класикалық гимназияның түлегі.

Тестілеудің алғашқы күнінде емихан 48 пункте өткізілді. Өтініш берген 19 743 адамның 18 889-ы (95,5 пайызы) ҰБТ-ға қатысты. 27 түлек емтиханнан шығарылды.

"3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 5 рация, 12 роутер мен модем, яғни, тиым салынған 7 725 зат табылды. Орташа балл - 79,7. 3478 түлек (18,4 пайыз) 50 балдан төмен жинады, 3409 оқушы (18,1 пайыз) 100-ден асырды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ҰБТ-ға оқушылардың орнына кірген бөтен адамдар ұсталып, олардың нәтижелері жойылды", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, биыл 87 783 түлек Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысады. Тестілеу 165 пункте өтеді. 62 385 оқушы қазақ тілінде, 25 398 түлек орыс тілінде тапсырады.

М. Бисембаева