Қолдағы диплом сапалы білімнің көрсеткіші емес

Қолдағы диплом сапалы білімнің көрсеткіші емес
Фото: Баурджан Бисмильдин

Оқу жылы да өз мәресіне жетіп қалды. Алдымызда ҰБТ күтіп тұр. Жүрегімізде қорқыныш пайда болып, ұйқысыз түндер өткізудеміз. Күйзеліске де шалдығып үлгердік. Осы күнге дейінгі жинақтаған тәжірибеміз ҰБТ-дан алған төмен балдың суицидке әкеліп соқтыратынын көрсетіп отыр. Өткен жылы түлектер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, суицидтің ЖОО-ға түсе алмай қалған оқушылар арасында жиі болатындығы анықталған.

Жасөспірімнің күйзеліске тап болып, қатты қорқып, өмірімен қоштасқаны үшін айналасындағының барлығы айыпты: ата-анасы, ұстаздары және мектеп психологтары. Олар онсыз да ушығып тұрған жағдайды қиындатады. Бұл пікіріммен келіспейтіндер де табылатын шығар. Моральдық қысымның бәрібір болатыны анық. Ата-анасының аңдамай «Грантқа түспесең, басыңды кесемін» немесе «Оқуға түспесең, ауылға алып барып қой бақтырамын» сынды сөздері оқушыға кері әсерін ғана тигізеді. Бұл сөздерден кейін оқушы ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырмасам, ата-анам мені жақсы көрмей қалады деп ойлайды. Сол себепті жақында ҰБТ тапсыратын бауырларыңыз бен қарындастарыңызға немесе балаңызға «ҰБТ-дан қандай балл жинасаң да, біз сені жақсы көреміз. Оны өзің үшін ғана тапсырасың» деген сынды сөздер айтып, қолдап қойсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Тараз түлектері «ҰБТ кезінде нені ескеруіміз керек?» деген сұраққа барлығы бірауыздан: «Ең бастысы, ҰБТ нәтижесі қандай болса да, өмірдің тоқтап қалмайтынын түсінуіміз керек. Ата-анамыз бізге үміт артып отырған кезде, барлығы да жақсы болады!» - деп жауап берген екен.

№13 мектепте өткен дөңгелек үстел әрбір оқушы үшін есте өмірлік сабақ болып қалатыны анық. Жасы үлкендер оқушыларға өмірмен қоштасу туралы ойдың бірнеше жылдан кейін ақымақтық пен күлкілі әрекет болып көрінетінін айтты. Шығар есік әрдайым табылады.

Суицид дегеніміз – күрес алаңынан қашып, әлсіздік таныту. Мұндайда барлығын іште сақтауға болмайды. Адамдарға «қарсы» жүрсеңіз, көмектесетін адам міндетті түрде табылады. Дөңгелек үстелден кейін оқушылар шындыққа көз жеткізді. Енді олар өмірде бәрі де мүмкін екенін, өлімнен өзгесін алдын алуға болатындығын білді.

ҰБТ-ға арналған «тұншықтырғыштар». Тестілеу кезінде түлектердің аудиторияға ұялы телефон алып кіретінін барлығы да біледі. Оның көмегімен сұрақ кітапшасын суретке түсіріп, «қолдаушыларына» жібереді. Осыған орай, көптеген тестілеу пунктісінде ұялы байланысты сөндіретін құрылғылар қойылады. Мұндай құрылғылар параметрлеріне қарай АҚШ-да 300-1000 доллар аралығында тұрады. Мұнымен қатар, құқық сақтау органдарында бар құрылғылар да қолданылады.

Білім бәріне арналмаған. Гранттан үміттенбеңіз. СССР заманында туылғандар ЖОО-дағы білімнің тегін әрі сапалы болғанын біледі. ЖОО-лар саны да аз болатын. Қазір екінің бірі ЖОО-да оқи алады. Ақылды бастан, ақша артық. Армиядан қашып, 4 жыл бойы ЖОО қабырғасында жүруді мақсат тұтқан жандардың саны артуда. Бір шетінен, ата-аналарды да түсінуге болады. Олар ең бірінші кезекте сапалы білім болу керектігін ескермей балаларының басшы болғанын қалайды. Алайда қолдағы диплом баста білім бар екенін білдірмейді. Әрине, талантты, білімді бала грантқа түсуі керек.

Біз әрдайым сізбен біргеміз! Жаныңыз құлазып, көңіліңізге мұң ұялап, өмірден жалыққаныңызда, шығар есік табылады. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды материал соңына пікір ретінде жазуыңызға болады. Біз өз кезегімізде қолдан келер көмегімізді аямаймыз.

Сүйікті оқырманымыз, іске сәт! ҰБТ-да 115 балл жинауыңызға тілектеспіз!

Қ. Бүйенбай