Мамандықтың бәрі жақсы: Кадрларды басқарушы

Мамандықтың бәрі жақсы: Кадрларды басқарушы

Компанияларда кадрлар бөлімі бұрыннан бар. Алайда онда кез келген адам істей беретін. Ал қазір бұл бөлімді арнайы кәсіби білімі бар заманауи теорияларды меңгерген маман басқарады. Маман кадрлардың жеке ісін тігіп, іскерлік қағаздарды жинақтаумен ғана айналыспайды. Сонымен қатар, әріптестерін жұмылдыра білуі керек. Ол үшін адам психологиясының ерекшеліктерін өте жетік білу қажет.

Басқарушы өзі жұмыс істейтін ұйымның кадрларға байланысты стратегиялық жоспарын жасайды. Ол озық мамандарды іздестіреді, келгендермен әңгімелесіп, іріктелгендерін жұмысқа қабылдайды.

Өз қызметкерлерін өз саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырып, біліктілігін көтеруге компания мүдделі. Сондықтан, әрбір қызметкерді өз бағыты бойынша арнайы курстарға жіберіп отырады. Басқарушы оларды периодты түрде аттестациядан өткізіп, бағалайды. Қызметкерлерді жұмысқа ынталандыру тәсілдерін ойластырады, тренингтерді жоспарлап, өткізіп отырады.

Бұл қызметті игеріп әкету үшін бойыңызда белсенділік, көрегенділік, даналық, мейірімділік секілді қасиеттердің болғаны жөн.

Сурет: khakasia.ru

Оқи отырыңыз:

Мамандықтың бәрі жақсы: Стилист-имиджмейкер

Мамандықтың бәрі жақсы: Ұстаздық еткен жалықпас

Мамандықтың бәрі жақсы: Дәрігер

Мамандықтың бәрі жақсы: Менеджер

Мамандықтың бәрі жақсы: Журналист

Ф. Абилова