Оқушылар ҰБТ-ны 3 рет тапсыруы мүмкін

Оқушылар ҰБТ-ны 3 рет тапсыруы мүмкін

2016 жылдан бастап ҰБТ үш кезеңге созылуы мүмкін. Оны бастауыш, негізгі және кәсіби мектептерді бітірген соң тапсыратын болады. Оқушылардың негізгі жетістіктерін саралау мақсатында бастауыш мектепті бітірген соң, болашақ мамандығын таңдау үшін 10 сыныпты бітірген соң тапсырады. Ал таңдаған мамандығына қатысты қаншалықты білім жинақтағанын түсіну үшін кәсіби мектепті тәмамдағаннан кейін тапсыратын болады.

«Бұл жалғыз жаңалық емес. Алдағы уақытта оқушылар 6 жасынан бастап мектепке баруы мүмкін. Мұнымен қатар, техникалық әрі кәсіби мамандықтарды тегін игеруге мүмкіндік беру мәселесі де қарастырылуда», - деді өз сөзінде вице-министр Тахир Балықбаев. Педагогикалық білімге қатысты ЖОО-да тегін оқу мәселесі бұған дейін қарастырылған болатын.

ҰБТ-ны бірнеше кезеңнен тұратындай етіп өткізуді осыған дейін ғылым қайраткерлері мен сарапшы мамандар ұсынған екен. Олардың айтуынша, мұның барлығы ҰБТ кезіндегі ата-ана мен оқушыға эмоционалдық қиындықтарды алдын алуға көмектесетін болады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Тахир Балықбаев брифингте хабарлады. Вице-министрдің сөзінен 2016 жылдан бастап іске кірісетіндерін аңғаруға болады.

Дереккөзі: megamozg.kz

Сурет: ©Ерасыл Мирасбек 

Оқи отырыңыз:

ҰБТ-ны сәтсіз тапсырған оқушы оқиғасы

Оқушының мінезін сыныптағы орны баяндап берсін

Математика пәнінен шпаргалка

Жоғары балл грант ұтып алуға кепілдік бола алмайды


Қ. Бүйенбай