Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау

Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау

Мамандық кез келген адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. «Бұл жәй ғана ақша табудың бір амалы» деушілерге Батыс және Шығыс психологтары бірауыздан қарсы пікір айтады. Мамандықтың болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін адам өзі де түсінбей қалуы мүмкін. Біздің жанымыз бен тәніміздің саулығы, қалтамыздың қалыңдығы тікелей қызметімізге байланысты. Сол себепті, психолог мамандар оны дұрыс таңдауға көмектесетін кеңестер ұсынады.

Мамандықты да нумерология заңына сәйкес таңдауға болады. Мысалы, туған күніңіз 23.05.1993
Саны: 2+3=5
Айы: 0+5=5
Туылған жылы: 1993=1+9+9+3=22
Жалпы сан: 2+3+0+5+1+9+9+3=32=3+2=5
Енді шыққан санымыздың тұсындағы мамандық түрін оқимыз.

1. Атқаратын қызметі: жетекшілік ету, шығармашылық жұмыспен айналысу, әртүрлі шараны ұйымдастыру.

Нәтижені көзбен көруге болатын, үнемі қозғалысты, жаңа идеяларды, шешім қабылдауды, жаңаша көзқараспен қарауды талап ететін жұмыстар сай келеді.

Таңдайтын мамандықтары: менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк иесі.

Мақсаты: өзін танытатын саланы іздеу.

2. Атқаратын қызметі: өзгелерге қамқорлық танытуға мүмкіндік беретін мамандықтар. Қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болуды талап ететін салаларда жұмыс істеуіне болады.

Таңдайтын мамандықтары: дәрігер, қоғамдық қызметкер, өнер қайраткері, саяхатшы, философ, халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкері, үй шаруасы, ферма иесі, актер.

Мақсаты: Сезім мен қиялды шарықтата түсу. Атаққұмарлық, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлену.

3. Атқаратын қызметі: медицина саласының қызметкері, техникалық мамандықтар, өз бетінше жұмыс істеп үйрену. Ой еңбегі мен өнертапқыштықты талап ететін кез келген сала сай келеді.

Таңдайтын мамандықтары: менеджер, әскери қызметкер, кеденші, оташы, спортшы, қара жұмысшы, бизнесмен, журналист, жүйелік әкімгер.

Мақсаты: Бар күшін көмек пен қамқорлыққа зәру адамдар мен іске бағыттау. 

4. Атқаратын қызметі: ерекше мұқияттылықты талап ететін кез келген іс. Мұнымен қатар, күзетумен, бақылаумен байланысты қызметтер де сай келеді.

Таңдайтын мамандықтары: талдаушы, мұғалім, журналист, әкімгер, саудагер, өндіруші, емші, БАҚ өкілі, дәрігер, құрылысшы.

Мақсаты: ақпаратты жинақтап, көпшілікке ұсыну. Жаңа жол іздеп, танымды кеңейту.

Ал Сіз қандай мамандықты таңдайсыз? 

Жалғасы бар...

Оқи отырыңыз:

Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау #2

Мамандықты қалай таңдау керек?

ҰБТ алдындағы қорқынышты жеңу жолдары

Жапония мектептері туралы 30 дерек

Атам мен әжеме алғысым шексіз

Сурет:rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай