"Бастау" жобасына кімдер қатыса алады?

"Бастау" жобасына кімдер қатыса алады?
Фото: google.com

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының "Бастау" жобасына азаматтардың қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан жалпы жобаның мақсаты қандай?. "Бастау" жобасына қалай қатысуға болады?

"Бастау" жобасы – "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасының екінші бағыты. "Бастау" жобасына қатысу үшін ниет білдіруші азамат жұмыспен қамту орталығына немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиалына, сондай-ақ өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш бере алады. Ниет білдірушінің мақсатты топқа жататындығын анықтайтын жұмыспен қамту орталығы. Орталық тізімді Палатаның филиалына өткізеді. Одан әрі Палата аталмыш азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау мақсатында тесттен өткізеді. Тесттен өткен азаматтар жобаның қатысушысы болып табылады және бұл азаматтар әрі қарай 25 күн көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне қатысты арнайы оқытылады. Оқуды аяқтаған соң жоба қатысушыларына сертификаттар беріледі. Сертификат екі түрлі. Аудандық, облыстық комиссия алдында бизнес-жобасын сәтті қорғай алған жағдайда жобаны бітіргендігі жөнінде, ал комиссия алдында жобасын қорғай алмаған жағдайда оқуға қатысқандығы жөнінде сертификат беріледі. Оқудан 3 күннен артық қалуға болмайды. Оқудан себепсіз қалған азаматтар комиссияның шешімімен шығарылады. Оқуды бітіріп, сертификат алған соң 1 жолғы сертификат беріледі. 

"Бастау" жобасына кімдер қатыса алады?

Жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар және жұмыссыздар қатыса алады. Оқуға қатысқан азаматтар кәсіпкерлік негіздеріне қатысты біліктіліктерін жетілдірумен қатар өздерінің бизнес-жоспарларын әзірлеп шығады. Оқуды сәтті аяқтаған соң бизнес-жоспарларын өңірдегі қаржы институттары: "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ сынды ұйымдарға ұсына алады. Бұл жобалар өміршең деп танылса аталмыш қаржы ұйымдары 6 пайызбен 8000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, биылғы жылғы көрсеткішпен 19 млн.тг.-ге дейін) дейін несие ала алады.

Биыл оқу қашан басталады? Жаңадан енгізілген өзгешеліктер бар ма?

Осы жылы жобаға бірнеше өзгертулер енгізілді. 2017 жылы "Бастау" жобасы пилоттық негізде жүзеге асты да, республиканың 80 ауданында өтті. Биыл еліміздің 160 ауданы қамтылмақ. Өтінім қабылдау сәуір айында басталады. Сәуір айында оқуға қатысуға үлгермеген азаматтар қамықпаңыздар, бұл "Бастаудың" 1-легі (поток). Жыл ішінде бұдан өзге 5 лек жинақталып, оқытылады. 

12 модульден тұратын 30 күндік оқу курсына қаныққан жандар, жеке бизнес жобаларын қорғап, жеңілдікпен несие алып, бизнес баспалдағына көтеріледі. Осылайша ауылда жаппай кәсіпкерлік тиімді жүзеге аспақ. Жобаға 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Өтінімді өңірлердегі Кәсіпкерлер палатасына беруге болады. Өз мүмкіндіктіреңізді сынап көріңіздер.

Балдырған Мәмен

Г. Берік