Кәсіпкерліктегі 7 үлкен қателік

 Кәсіпкерліктегі 7 үлкен қателік
Фото: actionco.fr

Кәсіп – үлкен кіріс көзін алып келетін, адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату арқылы жұмыс жасау деген сөз. Кәсіпкерлікпен айналысатын адам – кәсіпкер. Ол – алдыға сүйреп жүруші күш. Оның басты міндеті – осы кәсіпті дөңгелету. Ал сіз кәсіпкер болсаңыз, сізді құртатын үлкен 7 қателікпен таныс болыңыз.

Жауапкершілікті сезінбеу 

Жауапкершілікті сезінбейтін адам қауіпті. Себебі, ол жұмысына селқос қарау арқылы одан нәтиже шығар алмайды. Ал кәсіпкерлікте жауапкершілік болмаса, істің далаға кеткені деп біліңіз.

Ат үсті қарау

Жұмысты ешқандай ниетсіз жасау, тезірек бітіруді қалап, тезірек үйге жетуді аңсайтын адамнан үлкен кәсіпкер шықпайды. Себебі, кәсіп – әрбір кішкене нәрсеге мән беруді талап ететін үлкен ұғым. Бір сөзбен айтқан кезде жұмысқа ат үсті қарау арқылы сіз әріптестер арасындағы беделді ғана жоғалтып қоймай, өз қолыңызбен жасаған істі өлтіріп аласыз.

Кешігу

Кәсіпкердің ең қымбаты дүниесі – ақша? Жоқ! Қателестіңіз, кәсіпкердің ең қымбат дүниесі – уақыт. Кешікпеу, уақытында жұмысты бітіру және нәтижелі жауапты күту. Ал егер сіз осы қателікке бой алдырып жүрген болсаңыз, сізге ешкім сенбейді.

Сенімсіздік

Кәсіп бастау үшін адамға үлкен сенім керек. Ал бұл сенім болмаған жағдайда адам өзін іштей жейді, уайымдайды, алаңдайды. Өзіңізге сенімді болмасаңыз, кәсіпке келмеңіз.

Ақымақтық

Кәсіпкерлікте ақымақтыққа жол бермеу керек. Бұл – ақылмен жұмыс жасайтын орта. Сондықтан, ақымақтық жасауға бармаңыз. Тіпті бір рет болсын, бұл жаман әдетке ұрынып көрмеңіз.

Тұрақтылықты сақтамау

Кәсіп жасау кезінде кәсіпкер үшін ең басты нәрсе – сезімдегі тұрақтылық. Яғни сезім деп отырғанымыз, ішкі қасиеттер мен құбылыстарыңыз. Бір жақты ашуға не көңілшек болуға болмайды. Барлық қасиетті бір ортаға жинаңыз. Белгілі бір істің фанаты болып кетуге де болмайды. Бәрі жүрекпен емес, ақылмен қабылдаңыз.

Өтірік айту

Ең жағымсыз нәрсе – өтірік айту. Бұл кез келген істе солай. Бірақ кәсіпте біреуді алдап кетуге тырыспаңыз. Тіпті өтірік айту туралы ойды ойламаңыз. Сіз қанша шынайы болсаңыз, ақша мен абырой сіз жақта болады.

М. Ақан