Блумберг әлемнің ең бай адамдарының тізімін жариялады

Блумберг әлемнің ең бай адамдарының тізімін жариялады
Фото: ictbusiness.biz

Amazon компаниясының басышысы Джефф Безос, Microsoft құрушысы Бил Гейтс пен Facebook-тің басшысы Марк Цукерберг Блумбергтің  Bloomberg Billionaires Index (BBI) бойынша ең бай 500 адамнан тұратын тізімді бастап тұр.

Ең алғашқы жүздіктің 37-сі АҚШ азаматтары, ал көршілес мемлекеттен 11 ресейлік пен 8 қытайлық бірінші жүздікте.

Рейтингтің бірінші орнында Джефф Безос (142 млрд доллар), екінші орында Бил Гейтс (94,2 млрд доллар), ал үшінші Марк Цукрберг (81,6 млрд доллар). Сонымен қатар,  осыған дейін екінші орында болған Уоррен Баффет (81,2 млрд доллар) алғашқы ондыққа кірді.

Индекс миллиардерлер акцияларының бағасы мен олардың үлесі бар компаниялардың есеп деректерінің негізінде жасалады. Кейбір компаниялар үшін есептеулер компанияның капиталдандыру коэффициентіне EBITDA  негізделеді.

Дереккөз: 7kun.kz

Massaget.kz