Тохтар Болысов: «Девальвацияның арқасында сән галереясын аштым»

Тохтар Болысов: «Девальвацияның арқасында сән галереясын аштым»
Фото: palata.kz

— Нарық саясаты, ондағы құлдыраулар мен серпіндер саладары түрлі кәсіпкерлерге түрлі әсер етеді. Белгілі бір ахуалда біреу табысқа кенелсе, бірі банкротқа ұшырайды.

— 2015 жылдың девальвациясынан кейін еліміздің көптеген аймақтарында кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарының жаппай жабылғаны белгілі, бәсекеге қабілеттілері ғана дағдарысқа төтеп берді. Алайда,  бүгінгі «кейіпкеріміз» керісінше, девальвацияның арқасында үлкен сән галереясын ашты. Таныс болыңыздар Тохтар Болысов – «Inmode» дүкенінің негізін қалаушысы, жас кәсіпкер.

— Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

— «Inmode» стиль галереясы бұған дейін «Inmode» сөмкелер мен аксессуарлар галереясы болған. Осыдан 5 жыл бұрын елордаға келіп, қоғамдық жұмыспен айналыса бастадым. Ол ұйымдарда жалақы соншалықты жақсы болды деп айта алмаймын. Сондықтан, қосымша іспен шұғылдану туралы ой келді. Астана нарығын зерттей келе сөмкелер мен әйелдерге арналған аксессуарларға сұраныс жоғары екенін байқадым. Елорда сауда базарларының бірінде шағын бутик аштым. Бастама қарқынды дамыды, жылдам көтерілдік. Ал 2015 жылғы девальвациядан соң жұмыс істеп тұрған 4 бутикті жауып, үлкен галерея ашуды қолға алдым. Себебі, девальвацияға дейін келісім-шарттардың көбі доллармен жүргізілді, демек дүңгіршіктерді жалдау құны, тауардың бағасы екі есеге дейін қымбаттады.

— Кез келген дүкеннің жетістікке жетуінің басты себептерінің бірі – оның орналасқан жері. Сол себепті елорданың орталық көшелері – Республика даңғылынан «Inmode» сөмкелер мен аксессуарлар галереясын аштық. Алайда, екі жылда аксессуарларға ғана сұраныс өскен жоқ, біздің тұтынушыларымыз бір жерден киім мен аксессуралар сатып алуды қалады. Осылайша, «Inmode» сән галереясы дүниеге келді.

Сұраныспен қатар жарнама түрлері өзгерді. Дүкен Астана қаласындағы сауда орындардың алғашқысы болып, әлеуметтік желілерде тіркелді. Және «Инстаграм» әлеуметтік желісі әлемінде біз көш басындамыз: кәсіби фотограф мен кәсіби модельдер бізде қызмет етеді, сонымен қатар тауарлардың толық сипаттамасын жазамыз.

— Тұтынушыларға тағы қандай қызмет түрін ұсынасыздар?

— Осы жылдың басынан киімдерді үйге жеткізу мүмкіндігін іске қостық: яғни сіз әлеуметтік желі арқылы тапсырыс бересіз, біз үйіңізге бірнеше киім түрін алып келеміз, қалағанын өзіңізге қалдырасыз, қалғанын алып кетеміз.

Әлеуметті желі демекші, осыдан 10 жыл бұрын Бил Гейтс «Интернетке шықпаған кәсіп ХХІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды» дегенде, мен, 10 жастағы бала бұл сөзге күле қарайтынмын. Ал бүгінде біз тамаққа интернет арқылы тапсырыс жасаймыз, таксиді интернет арқылы шақыртамыз, енді міне, киімді де алдыртып жатырмыз.

— Бұған дейінгі бір сұхбатыңызда «Аксессуарлар менің алғашқы кәсібім емес» деген болатынсыз. Сонда, «Inmode»-қа дейін қанша жобамен айналыстыңыз? Шығынға ұшырау болды ма?

— Мен үшін өте ауыр сұрақ қойып отырсыз. Шынымен де, бұған дейін әртүрлі салады кәсіп ашуды қолға алдым. Олардың барлығы аксессуарлар кәсібемен қатар жүріп отыратын. Енді шығындар жайында айтар болсақ, шамамен 15-18 млн теңгеге жуық қаражаттты мейрамхана  саласына салып, жоғалтып алдым. Қай мейрамхана жайында айтқанымды еске алғым да келмейді. Әсіресе, девальвацияның кесірінен. Сол уақыттан кейін көптеген өзгерістер жасадық. «Шығын шықпай кіріс кірмес», демекші, сол жоғалтқаным «Inmode-қа» жақсы әсер етті. Бүгін байқаған тұтынушыларымыздың көптеп келуі де содан: тауардың маржасын азайттық, техникалық төлемдерді қабылдау мүмкіндігін қостық, аяқ киімдер мен киімдердің аталымын көбейттік. Яғни, сән әлемінде толыққанды сән галереясына айналдық.

— Елімізде соңғы жылдары кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Арнайы бағдарлармалар да бар. Осындай қолдау қаншалықты керек? Әлде адам өзі келуі керек пе кәсіпкерлікке?

— Өткенде ағамның үйінде қонақта болдым. Жаныма бір інім келіп, тіл үйрету бойынша бизнес-жоспарының бар екенін және оған қолдау көрсетуді сұрады. Мен оған қолдау көрсетуге бас тарттым, алайда, «Даму», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Болашақ Стартап» байқауының жұмыстары жайында айтып бердім. Інім таң қалды. Аталмыш ұйымдардың қолдауы жайында ақпарат көп, бірақ, жастар көп жағдайда іздене қоймайды немесе сенбейді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен сөйлескен кезде, «Даму» қорының өкілдерімен сөйлескен кезде, олардың бұл жұмысы шынымен өте маңызды әрі жемісті екеніне көз жеткіздім. Кәсіпкерлікке баулитын жобалардың көп болуы инициативалы жастардың біліктілігін, көзқарасын арттыруға, бәлкім кей жағдайда әлем бойынша саяхаттауға мүмкіндік жасайды. Аталмыш дағдылардың болуы – бәсекеге қабілетті адамдардың санын көбейтеді.

— Кәсіпкерлік саласында алға қойған мақсатыңыз қандай?

— Бизнестегі мақсатым бойынша айтар болсам, мен 2018 жылы киім тігу цехын іске қоспақпын. Аталмыш салада біздің бәсекелестеріміз жоқ екенін білеміз, себебі, отандық дизайнерлердің киімдері қарапайым халыққа қолжетімсіз.  «Astana fashion week», «Mersedes fashion week» көрмелері кезінде біздің жастар отандық өнімді сатып алуға дайын екендігін көрдік. Жұлдыздар да Қазақстанда жасалған тауарларға қолдау көрсетуге дайын екенін баяғыдан айтып жүр. Дегенмен, нарықта бар 3-4 фирма ұсынатын киімдерді сатып алуға қалың бұқараның қалтасы көтере бермейді.

— Қазір Алматы облысында келіссөздер жүріп жатыр. Және жоғарыда аталған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы немесе «Даму» қоры қолдауына жүгінбекпіз. Бұл бұқара халыққа арналған отандық дизайнерлердің киімдері болмақ. Біздің киімдердің басты артықшылығы – қолжетімділігі мен сапасында болмақ.

— Сұхбатыңыз үшін көп рахмет, Тоқтар мырза. Еңбегіңізге табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан Ернар Сейітахмет

Ж. Өрісбай