Қайырымдылыққа қатысты идеяңыз болса, Джефф Безоске ұсыныңыз

Қайырымдылыққа қатысты идеяңыз болса, Джефф Безоске ұсыныңыз
Фото: www.theverge.com

Егер банктегі есепшотыңызда 80 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржыңыз болса, оның бірнеше миллиардын қайырымдылыққа жұмсар ма едіңіз? Дәл осындай сұрақ осы күнге дейін ешбір қайырымдылық жобаға қатыспаған америкалық миллиардер Джефф Безоске қойылды.

"Кез келген нәрсені кез келген адамға сату" принципін ұстанатын миллиардер қайырымдылықты қажет ететін сала қалған болса, ойланбай айналысатынын айтты. Тек компанияның іске асырылып жатқан қазіргі жобаларын толықтай аяқтағаннан кейін ғана филантроптық тәжірибесін бастамақ. 

Amazon онлайн сауда платформасын құрған америкалық Forbes рейтингінде Билл Гейтстен кейінгі орында орналасқан. Жуырда ол әлемдегі ең бай азамат атануы да мүмкін. Себебі Microsoft корпорациясының бұрынғы басшысы Билл Гейтс байлығының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсап жатқанда, Безос тек табыс көзін арттыру мен бизнесін үлкейтуді ойлап жүр.

Джефф Безос өзінің туиттер парақшасында осы мәселеге қатысты стратегиялық жоспар құру керек екенін айтады. Соңғы үш айда табысы 3,5 миллиардқа артқан 53 жастағы антифилантроп өзінің Blue Origin жобасын толықтай іске қосқаннан кейін қайырымдылыққа бет бұратынын мәлімдеді. Соған дейін кімнің қандай ұсыныстары болса, туиттердегі оның постының астына пікір ретін жазып қалдыруларына болады.

Оның Сиэтлдегі үйсіз жүрген жанұяларға баспана салу туралы идеясына қызығушылық танытқандар саны көп болды. Туиттерде бірі ішуге болатын суды тазарту қорын құруды ұсынса, тағы бірі Сирия босқындарына баспана салу керек екенін жазған. Сонымен қатар, студенттердің білім алу үшін алған несиелерін жабуды және медициналық сақтандыруды қаржыландыруды сұрағандар да болды. 

Егер сіз де қызығушылық танытсаңыз, Джефф Безостың туиттер парақшасына өтіп, өз иедяңызбен бөлісіңіз.

Ж. Өрісбай