Тимур Құлыбаев: Кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру керек

Тимур Құлыбаев: Кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру керек
Фото: atameken.kz

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында Ұлттық палата басшысы Тимур Құлыбаев Үкіметпен бірлесіп атқарған нәтижелі жұмысты атап өтті. 

«Үкімет пен «Атамекен» жыл бойы бірлесіп нәтижелі жұмыс атқарып, өңірлерге ден қойды. Жергілікті кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын білдік, жемісті жыл болды. Былтыр Төралқаның кеңейтілген отырысында бекітілген жұмысты атқардық», – деді Тимур Құлыбаев. 

Төралқа Төрағасы «Атамекен» бастамасымен ҚР Қылмыстық кодексінен «Жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталғанын, алайда әлі де бұрынғы істер бойынша салдар мен мәселелер бар екенін айтты. Бұл бағытта жұмыс істеу мәселесі шешілмеген, 35 мың кәсіпкерге көмек болатынын, аталған түйіткілдерді шешу бүгінгі күннің талабы екенін атап өтті. 

Тимур Құлыбаев өз сөзінде кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет түрлерін цифрлау қажеттілігін айтты. 
«Бұл сұрақ басымдыққа ие. Республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де мемлекеттік қолдауды, барлық қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшіру керек. Бұл ыңғайлы, ашық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты шамамен 30%-ға азайтады»,– деді Төралқа Төрағасы. 

Тимур Құлыбаев атап өткендей ЕАЭО мүше мемлекеттерінде кедендік процедуралар электронды форматқа көшеді. Бастысы бұл функциялар халыққа ыңғайлы етіп жасалуы тиіс. Осы жұмыстың жүзеге асыру мерзімін белгілейік», – деп ұсынды «Атамекен» басшысы. 

Тимур Құлыбаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайында да пікір білдірді. 
«Қазір мемлекеттік оргнадар салықты көтеруді көздейді. Әлеуметтік төлемдер де халыққа ауыр тиеді. Мәселен, қазір 2,7 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар. Мұның барлығы кәсіпкерлерді көлеңкеде жұмыс істеуге итермелейді. Сондықтан депутаттардың қатысуымен денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін саралайық. Жалпы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолдаймыз, алайда бәрін рет-ретімен жүргізу керек. Шығындарды оңтайландыру қажет. Бизнеске бұл үдеріске қатысуға мүмкіндік беріңіз, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті қалай жүргізу керек екенін айтамыз. 

«Атамекен» мен Үкімет осы жылы өңірлермен етене жұмыс істеді, бизнесті дамытуға күш салынды. Жергілікті халық даму институттарының барына оң қарайды, дегенмен олар халықтың мұң-мұқтажын, қажеттілігін сезбейді. 
«Бұл дегеніміз сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің барын көрсетеді. Шағын және орта бизнес өңірде дамуы керек. Орталықта ол дамымайды», – деді Тимур Құлыбаев. 

Сонымен қатар Төралқа Төрағасының айтуынша кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі де өзекті. Биыл «Атамекен» бұл бағытта Бас прокуратура, Жоғары сотпен жұмыс бастады. Ең көп өтінімдер салық саласында. 
«Бұл үдеріске атсалысуымызды ҚР Жоғары Соты та қолдап отыр, өйткені біз олардың жұмысын жеңілдетіп отырмыз. Біз құқық қорғау органдарынан болатын қысымды 82%-ға азайттық, 2015-2016 жылдары 7900 қылмыстық іс қозғалса, ал 2017 жылы олардың саны 1400 болған, яғни қылмыстық іс саны айтарлықтай төмендеді. Бақылау-қадағлау органдардың бизнеске қысымы азайды», – деді Төралқа Төрағасы. 

М. Ақан