«Атамекен» қырғыз бизнесін ЕАЭО аясында сындарлы жұмыс істеуге шақырды

 «Атамекен» қырғыз бизнесін ЕАЭО аясында сындарлы жұмыс істеуге шақырды
Фото: Atameken.kz

Осы аптада Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған көрші ел делегациясын қабылдады. 

Кездесу барысында ЕАЭО пен ДСҰ нормалары мен ережелерін есепке алған кеден және салықтық әкімішіліктендіруге қатысты, шекаралық және ветеринарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелер талқыланды. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Дана Жүнісова «Қазақпарат» ХАА берген сұхбатында ЕАЭО аясында екі елдің өзара байланысы туралы айтты, қырғыз кәсіпкерлерін Одақ талаптарына сай өнім дайындау жұмысына күш салуға шақырды. 

- Дана Бейсенқызы, бүгінде қазақ-қырғыз шекарасында ЕАЭО талаптары мен нормалары қаншалықты орындалып келеді? Заң бұзушылықтар бар ма? Қырғыз әріптестеріңізге қояр сауал туындады ма? 

- Тауардың кез келген еркін нарығында ажырамас талап – бірдей жауапкершілікпен алынған міндеттемелердің орындалуы. Орындалмаса, сол нарық басқа қатысушылар үшін қауіп төндіреді. Бұл жай ғана қағаз жүзінде талап емес, өміріміздің, халық денсаулығын қорғаудың құралы екенін түсіну керек. Әрине, Еуразиялық экономикалық одақ аясында қауіпсіздік талаптары мен техникалық реттеу және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өнімнің сәйкестілігі бар. Онымен қоса, ЕАЭО-ға мүше кей мемлекеттердің міндеттемелерін есепке ала отырып, ДСҰ аясында Одақтың бір мүшесі Бірыңғай кеден тарифінен өзге баж салығы бойынша жеткізілген тауарлардың өткізілуіне жол бермеу туралы келісім бар. 

Біздің серіктестеріміз – қырғыз кәсіпкерлеріне ЕАЭО мүше болған кезде тиімді шарттар берілді. Біз қазақтандық бизнестің экономикалық интеграциялық бірлестік аясындағы жаңа ережелер бойынша тәжірибесі бар екенін түсіндік, ал Қырғызстанға ауқымды дайындық жұмысы қажет. 

Өкінішке қарай, бірте-бірте біздің отандық кәсіпкерлер шекарамызбен Қырғыз Республикасының аумағы арқылы жеткізілетін қытайдың контрабандалық тауарлары лек-легімен өтетіндігіне шағымдана бастады. Негізінен қажетті құжаттарсыз, сәйкестік сертификатынсыз заңсыз жеткізілетіннің қатарында ең көбі – жеңіл өнеркәсіп өнімдері. 

Кеден салығын төлегенін бақылайтын механизмнің жоқтығынан Қырғызстанның аумағына ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифінің бекітілгенінен де төмен көрсеткіште жеткізілген тауарлардың бақылаусыздығында қауіп бар. 

Сонымен қатар, ДСҰ мен ЕАЭО аясында қазақстандық міндеттеме айтарлықтай қатаң. Отандық кәсіпкерлер ДСҰ мөлшерлемесі бойынша жеткізілетін өнімдердің тасымалдануын түгел бақылауға және баж салығын төлеу мүмкіндігі болмау себебінен Одақтағы өзге елдердің аумағына жеткізілмеуін қадағалауға мәжбүр. 

Соңғы екі жылда Қырғызстандағы әріптестеріміз Одақтың бірыңғай теникалық тәртіп талаптарын орындамады. Бұл нарықтың жосықсыз қатысушылары заңнамадағы олқылықтарды пайдалана отырып Қазақстан мен Одақ елдерінің нарығына қауіпті, сапасыз өнімді шығарды. Ең алдымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне түсетін тікелей қауіп. Бұл біздің кәсіпкерлерімізге тиетін соққы, отандық бизнесті теңдей бәсекелестікке қоймайды, осындай өнімді алатын тұтынушылар үшін де қауіпті. 

- Яғни отандық бизнес жапа шегіп отыр дейсіз бе? 

- Әрине, біздің бизнесіміздің бәсекеге қабілеттілігіне зиян келіп отыр. Себебі отандық кәсіпкерлер ЕАЭО талаптары мен нормаларына сай болуға тырысады. Бизнес инвестицияны өндірісті модернизациялауға және шығарылатын өнімнің ЕАЭО техникалық тәртіп талаптарына сай болуы үшін өздері құяды. Ол дегеніңіз сертификаттау, сынақ т.б. 

Мемлекеттік органдар бизнеске қауіпсіз өнім шығаруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды жасауға күш салып отыр. Бірақ көршілес елден контрабандалық өнім жеткізіліп, сәйкестік сертификаты жоқ болса, онда тұтынушыға ғана емес, ЕАЭО аясындағы бәсекелік қабілеттілікке да қауіп төнеді. ЕАЭО техникалық тәртіптері міндетті түрде сақталуы керек, әйтпесе жалпы интеграциялық бірлестіктегі техникалық реттеу мен сәйкестік бағалауы жүйесінің беделін түсіреді. 

- Бұл жағдайды түзету үшін қандай шаралар қолданылуы тиіс? 

– Отандық кәсіпкерлерді сапасыз өнімнен, жосықсыз бәсекелестіктен сақтау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП бірнеше рет ҚР Үкіметінен қазақ-қырғыз шекарасы аумағында бақылау пунктін орнатуды сұрады. 

Отандық бизнестің ұсынысы Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз тасымалдауды, оның ішінде қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін таураларды шектеу арқылы кәсіпкерлер үшін бәсекелестік жағдайды тудыруды, техникалық тәртіп пен стандарт талаптарын сақтайтындығын бақылауды көздейді. Еске салсақ, Ресей-Қазақстан мен Ресей-Беларусь шекараларында бақылауға алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты алдын ала хабарлау пунктері орналастырылған. Бұл дұрыс жасалған. 

Біз Ресейдің өнім сапасына және толық статистикалық есеп қажеттілігіне қатысты талабына түсінушілікпен қараймыз. Ол өз тұтынушысын да, кәсіпкерін де қорғайды. Қазақстан да отандық бизнес үшін еліміздің аумағына заңсыз тауар, оның ішінде қауіпсіздік талаптарына сай тасымалдануына шектеу қоя отырып, ЕАЭО техникалық тәртібі мен талаптарының сақталуына бақылауды күшейту арқылы бәсекелестік жағдайды жасауы керек. 

- Қырғызстан нарығында біздің кәсіпкерлеріміз үшін қандай да бір кедергілер бар ма? 

– Шындығында Қырғыз Республикасы өздерінің ішкі нарығына кіргізуде біздің кәсіпкерлеріміге қатысты түрлі шектеулер қояды. Нәтижесінде отандық цемент өндірушілер жапа шеккен бірқатар тауарлар үшін төменгі бақылау бағасын қою туралы айтып отырмын. Жанар-жағар май, ұн, жеткізуге шектеу қою, ұн тартатын кәсіпорындарды ҚҚС-тен босату, талон мен салық органының тауар жеткізілуі туралы тиісті хабарламасы негізінде мемлекеттік бақылаудан өту тәртібін қоюы және т.б. бар. 

- ЕАЭО аясында техникалық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты қалай күшейту керек? 

– ЕАЭО одақ туралы келісімшартта Одаққа мүше-мемлекеттер ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және халықаралық міндеттемелерді орындау аясында шектеуді қолдану құқығын қарастырған 29-бап бар. Сондықтан, техникалық тәртіпті сақтамау адал бәсекелестікті бұзып, отандық нарыққа қауіп төндіргенде, біз, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттің қауіпсіздікті және Қазақстан нарығына келетін өнімдердің талаптарға сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларын толық қолдаймыз. Қырғыз кәсіпкерлерін Одақ талаптарына сай өнім дайындау жұмысына күш салуға шақырамыз әрі үміттіміз. 

Адал бәсекелестікпен тараптардың теңгерімі есепке алу – бизнес үшін ең қолайлы аумақ. Біз ЕАЭО құра отырып дәл осы мақсатты көздеген едік. 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырлас халықтың ынтымақты қатынасына сүйене ала отырып, ең алдымен қырғыз бизнесін екіжақты туындаған мәселелерді шешуде жағдайды ушықтырмай, оны саясиландырмай, объективті, байыпты қадамға келуге шақырады. 

– Сұхбатыңызға рахмет!

М. Ақан