Қазақстан мұнайды Грузия арқылы экспорттайды

Қазақстан мұнайды Грузия арқылы экспорттайды
Фото: ic24.kz

АҚШ-тың Ресейге қарсы жариялаған санкциялары Қазақстан мен Ресей бірігіп құрған Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысына кедергі болуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінде айтылды.

Министрлік өкілдерінің пікірінше, КҚК арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайына лимит белгіленсе, мұнайды экспорттайтын альтернативті жолдар бар. Нақтырақ айтар болсақ, экспорт Қазақстан арқылы Еуропаға өткен қытай құбыр желісімен жіберіледі.

Шикізат Ақтаудан теңіздегі мұнай терминалдары арқылы Батуми мен Кулеви (Грузия) қалаларына жеткізіледі. Ары қарай, Еуропаға тасымалданады.

Ресми ақпаратқа орай, тамыз айына дейін Еуропа Ресейден келетін импортты қысқартпаған. Енді құбырмен баратын шикізат көлемі 33 пайызға дейін азаюы мүмкін. Одан бөлек, АҚШ үкіметінің санкциялары Қазақстандағы Тенгиз жобасына $37 миллиард қаржы құйған Chevron мен ExxonMobil компанияларының бизнесіне кері әсерін тигізуі де мүмкін.

КҚК арқылы Қазақсанда өндірілген мұнай Қара теңізге жіберіледі. Құбыр Ресей территориясы арқылы өткізілетіндіктен, бұған санкцияның кері әсері болуы мүмкін. Дереккөзі: wikipedia.org

Айта кетсек, КҚК бас директоры Николай Горбань Ресей арқылы экспортталатын мұнай көлеміне санкциялар әсер етпейтінін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін консорциумнан $792 миллиард табыс табатынымызды мәлімдеді. Оның ішіндегі $138 миллиард қаржы Қазақстанға тиесілі болмақ.

Ж. Өрісбай