Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы 17 елге ақша аудара алады

Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы 17 елге ақша аудара алады
Фото: www.unian.ne

Forte Bank Вконтакте және Одноклассники желілеріндегі хат алмасу функциясы арқылы ақша аударымын жасайтын қызмет түрін іске қосты. Аударымды қазақстандық банктердің Mastercard, Maestro және Visa карталарының көмегімен жасауға болады. Ал қаржыны Әзірбайжан, Армения, Белорус, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, Румыния, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия және Эстония елдеріне жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған қызметті мобильді девайстардың көмегімен де пайдалануға болады. Android және iOS платформаларына арналған қосымша ендігі мобильдік жаңартумен бірге енгізілмек.

«Күн сайын 75 млн қазақстандық Вконтакте желісіне кіреді. Сондықтан ақша аударымдарын дәл осы желіге қосу тиімді болып отыр», - дейді Вконтакте әлеуметтік желісінің электронды коммерция бойынша директоры Юрий Иванов.

Аударым жасаудың ең төмен сомасы – 500 теңге, ал максимум көлемі – 50 000 теңге. Mastercard және Maestro карталары арқылы жасалған аударымдардан алғашқы үш айда комиссия алынбайды. Ал Visa қолданушылары жіберілетін соманың 1 пайызын қызмет ақысы ретінде төлеп отырады. Қаржы операцияларының қауіпсіздігі үшін 3D-Secure технологиясы қолданылады.

Ж. Өрісбай