30 under 30: Forbes рейтингіне енген 4 жас қазақстандық

30 under 30: Forbes рейтингіне енген 4 жас қазақстандық
Фото: Forbes.kz, the-steppe.com, Baribar.kz, tengrinews.kz

Forbes: 30 under 30 рейтингі 2 сәуірде жарияланды. Бұл жолы қазақстандық шахматшы, жауынгер-роботтар жасаушы, медиа-менеджер мен WiFi-роутер маршрутизаторын құрушы жеңімпаз атанды деп хабарлайды forbes.kz сайты. Олар Зауре Розмат, Алена Ткаченко, Динара Сәдуақасова және Даурен Нұров.

Төрт қазақстандық Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің Forbes рейтингінің ең танымал және беделді жобасы саналатын "30 under 30" тізіміне енді. Әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінен айырмашылығы, бұл жерде жиналған ақшаның сомасы маңызды емес. Негізгі критерий – саланы түбегейлі өзгертетін инновациялар. Мысалы, Марк Цукерберг 28 жасында Facebook акцияларын қор биржасына енді әкелген кезде осы тізімге енген.

Биыл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің рейтингіне қатысу үшін 2000-нан астам өтініш берілген. Олардың ішінде 300 ең табысты және болашағы бар жас кәсіпкерлер таңдап алынған. Қазақстан келесі номинациялар бойынша ұсынылған:

Динара Сәдуақасова. ©sputniknews.kz

Ойын-сауық және спорт

Шахматшы, шахмат академиясының негізін қалаушы Динара Сәдуақасова (22 жаста). Ол 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы атанған спортшы. 2017 жылдан бастап ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниетті елшісі. Әлемдегі ең мықты шахматшылар рейтингінде 12-орынды иеленген. 2012 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы берілді, ал 2017 жылы ерлер арасындағы халықаралық спорт шебері атанды.

Алена Ткаченко. ©the-steppe.com

Тұтыну технологиясы

Жеке WiFi маршрутизаторы Алена Ткаченко (29 жаста). Nommi жобасының негізін қалаушы. Nommi Қытайда жасалады және әлемнің кез-келген жерінде Интернетке жылдам және арзан қосылу мүмкіндігін береді.

Даурен Нұров. ©Данил Потапов-Поличинский

Өнеркәсіп, өндіріс және энергетика

Робототехниканы өндіруге арналған Robotron Aspandau-дың негізін қалаушы Даурен Нұров (29 жаста). Шекарашылар, Ұлттық гвардия және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Қарақұрт" жауынгерлік роботтарын дамытуға қызығушылық білдірген. Дегенмен, Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында Дәурен Нұров басты мақсаты өнімін шетелге шығару екенін айтқан. Атап айтқанда, Африкадағы және Таяу Шығыстағы ірі нарық. Робот оператордың қатысуымен, жасанды интеллект негізінде, қарулы және қарусыз, қарсылас және қарапайым нысандарды анықтайды, оларды жою туралы шешімді орындайды.

Зауре Розмат. ©sxodim.com

Медиа, маркетинг және жарнама

The Steppe танымал медиа жобаның негізін қалаушы Зауре Розмат (28 жаста). Зауренің алғашқы жұмысы Kids Lab Kids Club болды. 2015 жылы жобадағы өз үлесін сатып, түскен қаржыға 2016 жылдың сәуірінде The Steppe медиа-стартапын құрды. The Steppe – заманауи Қазақстанның өмірі, еңбегі мен қызығушылығы туралы прогрессивті сайт.

Айта кетейік, "30 under 30" 2011 жылы АҚШ-та пайда болды және осы уақыт аралығында беделді жобаға айналды. Әр түрлі елдердегі Forbes редакторлары, Азия мен Тынық мұхиты, Африка, Таяу Шығыстағы және Еуропа елдеріндегі 30 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер арасында рейтингтер дайындайды. Осы жобадан кейін "30 under 30" жастар саммиті өтеді. Жеңімпаздар тәжірибе алмасып, жетістіктері туралы әңгімелеседі.

Т. Раушанұлы