Атамекен: "Legends of Kazakhstan" және "Туризмдегі тұлғалар" жобалары іске қосылады

Атамекен: "Legends of Kazakhstan" және "Туризмдегі тұлғалар" жобалары іске қосылады
Фото: Массагет кз

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Дүниежүзілік туризм күніне орай www.atameken.kz сайтында "Legends of Kazakhstan" және "Туризмдегі тұлғалар" жобаларын іске қосады.

Айта кетелік, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур  Құлыбаев өңірлерге барған жұмыс сапарларында Қазақстанда туризмді дамытуға зор әлеует барын және сол мүмкіндікті бизнес міндетті түрде пайдалануы керек екенін бірнеше рет айтқан болатын. Төралқа Төрағасы жаппай туризмді дамыту үшін заманауи шешімдер қажеттігін айтты. Мәселен, бұл бағытты көпшілікке сауатты таныстыру үшін жұмысқа тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылар, маркетологтар мен дизайнерлерді тартқан жөн.

Осы орайда "Атамекен" ҚР ҰКП туристік объектілер мен тарихи жерлерді насихаттау мақсатында "Legends of Kazakhstan" жобасын жүзеге асыруда.

"Жоба еліміздің түкпір-түкпірінен 250 аңыз бен дастанды біріктіріп отыр: бұл халық ауыз әдебиеті және аңыздар, табиғат ескерткіштері мен тарихи оқиғалар, этиологиялық аңыздар мен киелі орындар жайында кең ақпарат. Бұл жоба суреттер және жаңа нысандармен толықтырылатынын ескерген жөн", – деді ҰКП Туризм департаментінің директоры Қарлығаш Алтаева.

Барлық материалдар ашық қолданыста берілген, оларды туристік нарықтың мүдделі қатысушылары Қазақстанның туристік өнімдерін насихаттау мен тарату мақсатында қажетіншепайдалана алады. Туристердің ыңғайына "Турист күнтізбесі" жарияланды, онда Қазақстанда өтетін ірі іс-шаралардың күні белгіленген.

"Туризмдегі тұлғалар" жобасы Қазақстан туризм нарығының кәсіби ойыншыларын анықтауға және сала қатысушыларының ақпаратпен қамтылуын арттыруға бағытталған.

"Туризмдегі түлғалар" еліміздің барлық өңірінен түрлі салалардағы сарапшыларды және кәсіпкерлерді айшықтайды, олар туристік фирма жетекшілері, қонақүй менеджерлері, табысты рестораторлар, эксурсия гидтері, кәсіби бірлестіктердің өкілдері, белсенді қоғам қайраткерлері және сала дамуына үлес қосқан басқа да кәсіби мамандар.

Айта кетелік, бұл жоба жоғарыда аталған бастамалармен шектелмей, үнемі жаңа есімдермен және жүзеге асқан қызықты жобалармен толығып отырады.

А. Оралқызы