Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Қазақ хандығы - 550 жыл / Айтұмар / Түркі халықтарының мифологиясындағы әйел бейнесі #2

Түркі халықтарының мифологиясындағы әйел бейнесі #2

Түркі халықтарының мифологиясындағы әйел бейнесі #2

Басы

Қараңғы әлемнің ертегі кейіпкерінің бірі - Жезтырнақ. Ол бүркіт тұмсықты және сояудай тырнақтары бар, мықты күш пен зор дауысқа ие, құстар мен аңдарды өлтіретін жас әрі сымбатты әйел кейпінде бейнеленеді. Жындардың әйел кейіпіндегі тағы бір түрі - адамжегіш обыр кемпір жіне  суға шомылып жүрген ер азаматтарды су түбіне тартатын су  перісі - күлдіргіш.

Егер де орта заманғы әйелдерді  бейнелейтін ауыз әдебиетінің   кейінгі кезеңдеріне көз жүгіртсек,  әсіресе түркітілдес халықтарының аңыздарында танымал «жеңімпазға ұзату»  дәстүрі көптеп кездеседі. Бұл тақырып дәстүрлі жалғасын  ертедегі аңыздар мен ертегілерден тұратын түрік этностарының эпикалық әңгімелерінде өзінің жалғасын тапты. Аталған әңгімелердің негізгі арқауы  батырдың  сол замандағы мінсіз әйел болып бейнленген сүйіктісіне  қол жеткізу жолындағы күресінен тұрады. 

Танымал түрік фольклорын зерттеуші В.М. Жирмунский  өз заманында «батырлар ертегісін» ежелгі аңыздармен байланыстырып, ертегіден жалғасын тапқан  батырлар эпосына теңеген. Сонымен қатар, бұл эпос  өзінің дамуының түрлі сатысында тарихи,  себебі түрлі деңгейде тарихи  тізбектен тұрады және ерте кезеңді көрсетеді. Оның пайымдауы бойынша, жігіт пен қалыңдықтық арасындағы  күрестің себебі сақталған әңгімелер неке қатынасының көне көрінісін айқындайды. Бұл жерде бірінші орынға қалыңдық образы шығып, матриархат дәуіріндегі  тұрмыстық қатынас көрінеді.

Атақты түрік ақыны, ойшылы, жырауы, Сырдария өзенінің маңындағы даланың тумасы IX ғасырдағы Қорқыт  қобызшының атынан жазылған «Китаб-и деде Коркут» еңбегінде оғыздардың батырлық эпостары және көптеген түркітілдес елдердің аңыздары мен әңгімелері сақталған. Онда ертеректегі халықтың исламға дейінгі әйелдерге қатысты аналық бедел, отбасылық және туыстық қатынастар туралы ырымдар сақталған.  

Эпостың негізгі арқауы ішкі және сыртқы жауға қарсы күш-жігер беретін, батырға тән ерлік жасауға бағытталған  патриоттық сезім туралы ой. Эпос батырлары текті, үлкендерге ізетті, әсіресе анасына, жалпы  әйел затына  үлкен сый-құрмет көрсететін кейіпте. Батырлық қасиет  әйел  кейіпкерлерінде де кездесіп жатады. Біраө ана образы шығармада әрдайым ерекше орын алады. Ана мен қалыңдық образы тазалық пен адалдық   көрінісі ретінде бейнеленеді. Эпоста анаға деген махаббат суреттеледі. Қазан ханның  үйін тонаған душпандар тұтқынға қатарында қырық қыз бар оның үлкен отбасын алады. Тұтқынға Қазан ханның жары Бұрла қатын және Ұрыз ұлы да түседі. Тұтқындар арасынана Қазан ханның әйелін табу үшін, дұшпандар Ұрызды ілгішке іліп, етін қуырып тұтқындарға беруге шешім қабылдайды. Етті жеуден бас тартқан әйел Қазан ханның әйелі болып табылады. Бірақ Ұрыз анасына өзін білдіртуге қарсы болады. Ол анасына: «Менің етімді қуыра берсін, қыздар бір тілім жесе, сіз екі тілім жеңіз, бастысы сізді ешкім білмесін. Абайлаңыз!»-дейді. Ананың махаббаты туралы «Кәтаби» әңгімесінде  былай делінген: тау гүлінің шырынымен қосылған ананың сүті жігітті құтқарады.

Түрік әйелдерінің образындағы батырлық тақырыбы сақталған топонимдарда көрініс табады. Мәселен «Қыз өлген көл» аңызында  дұшпандардан елін қорғап қалған қыз туралы айтылады. Қыздың дұшпандар  басшысымен суға кеткен көлі солай аталып кетті, ал қыздың  елінен  тартып алыған малды айдаған жер - Мыңжылқы және Түйежайлау деп аталды.

Моңғол халқының  аңызына зер салсақ, түркі халқының әйелдер образдарындағы ұқсастықты байқауға болады.  Бұл байланыс түрік және моңғол аңыздарындағы көне мотивтердің сақталуымен анықталады. Көп жағдайда әйелдер персонаждары қоғамда матриархалды идеологияның көрінісі іспетті үлкен күшке ие «батыр қыздар» образында. Немесе әйелдер образы бақсылықпен байланысып, бақсы рухында көрсетіледі. Әйел образының көнелігі жануарлар кейпінде де көрініс табады.

Мәселен, Алдын даңғыны батырдың жары құс образында көріне білсе, Бора-Шээлей қоянға айналады, алтынбасты тұрпан болатын Онгун-Чечен әйелдер табиғатының екінші түрін ашса, бір жағынан, түркі халықтарының тотемге табынатын дүниетанымын көрсетеді. Түріктердің генеалогиялық аңызы бойынша ана  көкбөріден тараған. Бұл тотем көрінісі «Қобыланды» эпосында бар, Құртқа-басты кейіпкер әйелі. Түрік аңызындағы өзге тотем ол-аққу. Алтайдың күмәнді халқы өзін аққудан тараған халықпыз деп есептейді.  Қазақтарда да осындай аңыз бар. Ол былай өрбиді. Бірде ерте заманда өмір сүрген Қалша батыр ұрыста жеңіліп, әскерінен айрылып қалады. Өзі де жараланып көмекке мұқтаж болады. Өлім аузында жатқанда, аққу құсы ұшып келіп, батырға тұмсығымен су беріп, шипалы көлге жетуге көмектеседі. Ол жерде Қалша батыр ауруынан айығып, аққудың сұлу қыз екеніне көз жеткізеді. Көп ұзамай олар үйленіп, ұрпақтары қазақ деп аталады. Қалша батыр мен аққудың ұлдары-Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс қазақтың  үш жүзіне: Ұлы, Орта, Кішіге  басшылық етеді. Әйелдердің түрік аңызындағы ана, келін, әпке, жар образдары көпқырлығымен танылады. Егер де түвин аңызындағы  Алдын даңғыны («Ай-хун» херелдиг Алдын дангына» аудармасында «Ай мен күн шуағын шашатын Алтын даңғына») қазақ аңыздарындағы батырлан әйелдерінің образымен салыстырсақ, ұқсастық табу оңай. Әдетте әйелдер ерекше қаситеке ие: көріпкел болып, жоғарғы әлемнің өкілдері құстарға айнала алады. Қамқоршы және құтқарушы роліндегі бұл батыр әйелдер ежелгі құдайлармен байланысты-ошақ иесі және көк құтқарушысы болып суреттеледі.

Айта кетуіміз керек, әйелдер образы ерте дәуірдегі тотемикалық аңыздар кейіпкерлерімен   түркі халықтарының рухани мәдениетінде үлкен орынға ие, матриархат дәстүрімен  тығыз байланысты.

Г.Б. Хабижанова

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 10 ақпан, 10:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.