Түркі халықтарының мифологиясындағы әйел бейнесі

Түркі халықтарының мифологиясындағы әйел бейнесі
Фото: vk.com

Түрік мифологиясында әйел бейнесі ең ежелгі архаикалық кейіпкерлердің бірі болып табылады.

Ең алдымен аталмыш образ түріктердің жоғары құдірет Ұмаймен, алғашқы әйелді, ананы, отбасының ұйытқысын, зерттеушілер кейде Тәңірдің әйелімен теңестіреді. Басқаша айтқанда Ұмай - ол Еуразия түріктерінің дәстүрлі дүние танымында әйел бастауының бейнесі. Бұл құдіреттің басты функциясы Ұмайдың жаңа туылғандар мен балаларға қамқорлығы еді, осыған байланысты түрік халықтарында баласы жоқ отбасылары бала сұрап бата тілеген. Ежелгі аңызға сәйкес Ұмай Тәңірдің қалауымен Сумер тауында орналастырылған, оның қасында адамдардың жандарын жуындыратын Сүт көл бар. Әртүрлі түрік халықтарында Ұмай ана таулар мен аңшылардың қамқоршысы деп есептелді.

Ұмайдың белгісі болып садақ бейнеленеді, онымен ол балаларды қорғайды. Бірақ әуел бастан ежелгі түрік аңыздарында Қара Ұмай жөнінде де түсінік қалыптасып, Ұмай сонымен қатар өлім періштесі болып есептелді. Бұл жерде түріктердің түсінігінде жаратылыстың  екі жақтылығы байқалады. Ұмай образы басқада әйел кейпкер От-анамен тығыз байланысты, ол бір аңыздарда Ұмайдың сіңілісі болып, тағы бір аңызда Ұмайдың табанынан жаралып, үйдегі ошақтың ішінде өмір сүреді делінген. Отты жиі жарықпен салыстырып, кейін  Ұмай образына ауысады, осының әсерінен көптеген түрік халықтарында солярлық культ қалыптасты. Егер Ұмайдың тотемдік образын айтар болсақ, оны жиі суда жүзетін құспен теңейді (үйрек, аққу, сонымен қатар қарама-қайшы прототипі- үкі).

Архаикалық дәстүрге сәйкес, жауыз рух образы әйелмен бейнеленеді. Еуразияны мекендеген көптеген түрік халықтарының сақталған аңыз – әңгімелерінде сұлу қыздар түріндегі фантастикалық мәні  пері (пари, пайрика) деп аталды, аудармасында «мыстан» деген мағына барді. Ежелгі әңгімелерде перілер зұлымдық тасушысы болды.

«Қорқыт ата кітабында» айтылғандай бақташы мен перінің махаббатынан жалғыз көзді циклоп туылып, оғыздарға көптеген қасірет алып келеді. Кейіннен перілерді жақсылық пен зұлымдықтың өкілі ретінде қабылдана бастады. Перілердің құпия образдары батырлар армандарының символдарына айналады. Бұл әдемі дауыстары мен көрікпелдік қасиеті бар, ұшатын бикештер. Перілердің мейірбан образдары жындар мен зұлым әзәзілдерге қарсы шығып, талқандайды. Кейде олар бір уақытқа жердегі адамдар образымен бірігуі мүмкін, олардан туылған ер балалардан халық батырлары шығып, ал бірақ қыз балалары туылса зұлым рухқа (албасты) айналады, олар шайтанға өте жақын болады. Зұлымдық қызметшілері перілер адамды сиқырлап есін білмейтін ауру адамға айналдыруы мүмкін. Перілердің зұлым образдары адамды қозғала алмайтындай етіп тастайды. Сырт бейнесінен адам образы болғанымен перілер зооморфты кескінді болуыда мүмкін. Көп жағдайда олар құстың аяқтары бар қыздарға, кейде ер адам бейнесі немесе кезкелген аң бейнесіне айнала алған. 

Перілердің арасында су стихиясына қатысты су перілері кездеседі, олардың ерекшеліктері «су иесі» қабілетіне ие болып, адамдарды суға шақырады. Егер де сондай тылсым күштің ықпалынан адам аман қалса, болашақта ол адам ерекше қабілетке ие бола бастайды.

Пері образы ерте ортағасыр әдебиет ескерткіштерінде кездеседі. Бұл образ өзінің бастауын иран аңыздарынан алады деп есептеледі. Ерте эпикалық шығармаларда перілер басты кейіпкердің әйелі образында бейнеленеді. Танымал Кер-Оғлы дастаны осыған мысал бола алады. 

Жердегі перілердің таңдауына іліккендер әдетте бақсыға айналып, перілер олардың көмекшісіне айналатын. Перілер оларды әруақтармен сөйлестіріп, ауларды емдейтін күш сыйлаған. Ырымға сенсек перінің таңдауына түскен адам бақсы болудан бас тартса, ол ауруға душар болып немесе өлім секілді жазаланатын болған. Ислам дәуірі өркендеп тұрған тұста перілер де мұсылман немесе «кәфір» деп бөлініске түсті. Қазақтарда перілердің  құдайшыл адамның сенімін сақтап қалу үшін адам  кейпіне ене алатыны туралы әңгімелер сақталған. 

Еуразияның түрік тілді халықтарының арасында албасты туралы ырым қатты сақталған. Албасты-су стихиясына қатысты әйел кейіпіндегі жын. Көптеген түрік халқының пайымдауынша албасты өзен немесе өзге де су  көздерінде өмір сүріп, адамдарға судың  жағасында   шашын тарап тұрған бейнеде көрінеді. Бет-бейнесі ұсқынсыз, ашық түсті ұзын шаш пен кеудесі бар, оны арқасына лақтырып тұрады. Сиқырлы кітабы, тарағы және тиыны бар болады.  Әзірбайжандықтар албастыны құстың тұяғындай аяұтары бар деп елестетсе, кейбір қазақ аңыздарында аяғының орнында тұяқ немесе аяғы кері аударылғандай болып тұрады. Тувин аңызы мен қазан татарларының түсінігінде албастының арқасында тері жоқ болып, ішкі ағзалары көрініп тұрады. Албастының образы ертеден бастау алады. Бірқатар  зерттеушілердің пікірі бойынша, алғашқыда албасты жақсы кейіпке ие болып, отбасы ошақ қасы, дала жануары мен аңшыларды, жеміс пен молшылықты қолдайтын әйел құдай секілді еді. Уақыт өте келе, аңыздарда албастының ролі жын перісіне ұласты. Якуттар аңызына сәйкес, тағы   саха халқындағы  «абаасты» -«зимиян әйел» мағынасын білдіреді.   

Көп жағдайда албасты екіқабат және босану үстіндегі әйелдерге зиянын тигізеді. Албасты  ықпалынан  бастырылып қалған әйел  «жын ұрып» есінен алжысады. Татарлар пайымында албасты адамды ұйқы кезінде «бастырып» тұрады. Л.П. Потаповтың этнографиялық мәліметтерінде, албасты жындар мен перілердің және сары-экненің түріне жатады. Албасты кешкі мезгілде серуендеп жүрген  жүкті әйелді қарауылдаған. Егер де осындай  әйел кешке бір өзі шықпаса, оның төсегінде өзге әйел болу керек еді, себебі наным бойынша албасты  жүкті әйелдің орнын басып алады. Егер де мұндай жағдайдың орын алғанын елестетсек, жаңа туылған сәбиге қауіп төнетін еді. Мұндай жынның әсерінен арылу үшін оның бір затына алып қою керек.

Тағы бір түрік аңыздарында кең тараған әйел образы, түркітілді халықтардың ертегілерінде жиі кездесетін персонаж ол - Жалмауыз. Қазақтарда оны желмауыз-кемпір деп атайды, ол балаларды ұрлап әкетіп жейтін адамжегіш кемпір.  Қырғыздарда да бар желмогуз кемпір. Қазан татарларында ол - ялмавыз, карчык, уйғыр мен башқұрларда – ялмауз, ялмауыз, өзбектерде-ялмовиз кәмпір.

Өзге де әйелдер образы іспетті бұл кейіпкердің пайда болуы құдай-анаға табыну кезінен бастау алады. Исламизация үдерістері жалмауыз кемпірді (немесе мыстан-кемпір) адамдардың тұрағынан алыста мекендейтін, о дүниеге кіретін жерді қарауылдайтын жеті басы бар адамжегіш зымиян кемпір кейпіне  айналдырды.

жалғасы бар

Г.Б. Хабижанова

А. Оралқызы