Құлынға қатысты айтылатын атаулар

Құлынға қатысты айтылатын атаулар
Фото: artleo.com

Құлын — жылқының алты айға дейінгі төлі, құлын әдетте енесінің бауырында өсіріледі, тек бие сауылатын сауым уақытыңда енесінен бөлек ұсталады. Қазақ халқы құлынды өсіп-өнуіне, тұқымына, мінезіне қарай бірнеше жіктерге бөліп, әр түрлі атаған.

Құлын - биелердің көктемде туған жас төлі.
Құлыншақ - құлынды еркелетіп атаған түрі.
Күн қақты құлын - енесі мініліп жүріп, жөнді ембей, сүттен қақтығып қалған құлын.
Будан құлын – әр тұқымнан туған құлын.
Добыр аяқ құлын - қыс айларында туған құлын.
Мәйекті құлын - енесінің сүтіне тойған, тоқ пейіл құлын.
Марқа құлын - қыс ішінде туған құлын.
Кенже құлын - мамыр айының аяғында туған құлын.
Қара құлақ құлын - жас құлынның тез ширап, байлануға келгені.
Жетім құлын - енесі өліп, немесе енесін қасқыр жеп, жетім қалған құлын.
Жабағы - құлынның алты-жеті айға толғаны.

Ө. Сансызбай