Сырым батырдың көтерілістері

Сырым батырдың көтерілістері
Фото: kaznpu.nci.kz

Сырым Датұлы (1712-1802) - Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан батыр. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы әрі көсемі. Кіші жүз шаруаларының  көтеріліс басшысы. Жастайынан топ жарып көрсеткен өнегелі істері, әділ билігі үшін бала би аталады. Ол патша үкіметінің, қазақ сұлтандарының әділетсіздіктеріне наразы болып, шаруаларды маңына топтастырады. 

Сырым батыр - қазақ халқының бостандығы, ұлт-азаттығы үшін атамекен қонысын сыртқы жаулардың талауына түспеуі үшін күрескен айбынды жауынгер. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі - патша саясаты мен Жайық орыс-казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Сырым жиырма жасында шешендік әрі батырлықпен атағы шығып, Байұлы руы ортасында аса қадірлі болады Сырымсоғыс-жорықтарда асқан мерген, алғыр найзагер, батыр болды. Патша үкіметінің жарлығымен Хиуа хандарының талап-тонау әрекеттеріне қарсы қорғау соғыстарында Сырым Кіші жүз қазақтарының қалың қолын бастап жауды талай рет жеңіп шықты. Ол Нұралы ханның халыққа істеген қиянатын, зұлымдығын бетіне басып, оны жұрт алдында сан рет масқаралаған. Сырым батыр Кіші жүз халқы үшін, хандар мен патшалы Ресейдің жендеттері тарапынан талай рет түрмеге отырғызылды. Соның бірі – 1783 жылдың желтоқсаны. Бірнеше ай түрмеде отырып, босанғаннан кейін, 1785 жылы 2700 қолмен қайтадан көтеріліске шығады. Оған Тіленші, Барақ батырлардың отрядтары қосылады. 1787 жылдың күзінде тағы бір рет түрмеден шыққан Сырымды Екатерина II Байұлының старшыны етіп тағайындайды. Бұл жылдары Сырым мен Нұралы тұқымының арасында күрес тоқтаған жоқ, сан рет шабуыл-жорықтар болды. Нұралының балалары  Ералы, Есім сұлтандар әскер жинап, күреске белсене араласты. 1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату туралы шешім қабылдады. Ақыры Сырымның көтерілісі 1798 жылы басылды.

Сырым батырдың өлімі жайлы ел арасында әртүрлі әңгіме бар. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз киіз үйлер тігілген. Бұл бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

 

Ж. Исакаев