Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өтетін іс-шаралар

 Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өтетін іс-шаралар
Фото: ortcom

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай  8-10 қазан күндері Тараз қаласында өтетін іс-шаралар жоспары жарияланды, - деп хабарлайды massaget.kz порталы.

БАҒДАРЛАМА

8 қазан

9.00 - «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» атты республикалық конференция
Болатын орны: Қалалық мәдениет үйі

10.00 - «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экпедициясының қорытындысын шығару бойынша халық халықаралық форум
Болатын орны:  М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

14.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Жібек жолындағы пікірлесу: Орталық Азия: аймақ халқының ынтымақтастық тәжірибесі» халықаралық культурологиялық жобасының пленарлық мәжілісі
Болатын орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

10.00 - Байкерлердің мотошеруі
Болатын орны: «Аю тропик» демалыс орталығынан Тараз қаласы 

11.00 - «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері
Болатын орны: Тараз мемлекеттік педагогикалық  Институты

11.00 - «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы
Болатын орны: «Баласагұн» ОКЗ

18.00 - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті
Болатын орны:  Ы.Сүлейменов көшесі
                        «Жастар» стадионы
                        «Ұлан» стадионы
                        «Мамыр» алаңы

18.00 - Қ.Ысқақовтың «Қазақтар» атты тарихи-драмалық қойылымы
Болатын орны: Облыстық драма театры

9 қазан

10.00 - «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы
Болатын орны: «Баласагұн» ОКЗ

10.30 - «Көне Тараз» археологиялық паркі және музейімен танысу
Болатын орны: «Көне Тараз» археологиялық паркі

11.00 - Қазақ күресінен «Евразия барысы» халықаралық турнирі
Болатын орны: «Тараз-Арена» спорт кешені

11.00 - Сиянь-Тараз «Ұлы Жібек жолы мәдениет керуені», републикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы, «Тарих. Әйелдер. Қазақстан» конференциясына қатысушылар мен мотобайкерлердің шеруі
Болатын орны: Тауке хан, Төле би көшелері

12.00 - «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық кешені:
- «Жәдігер» жылжымалы музей экспозициясы
- Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және шеберлер-класы 
- «Алтын сақа»: ұлттық ойындар сайысы /киіз бұйымдар қойылған балалар алаңқайы/
- «Фольклор және өмір» - қазақтардың ғұрыптық жырлары
«Тарих доңғалағы» алаңқайы: көшпелі цирк бағдарламасы
- «Киіз күмбездер»: қазақ киіз үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері туралы интерактивті-танымдық бағдарлама 
«Көк күйме» алаңқайы: «Сақтардан қазақтарға дейін» - «Арлан» киім үлгісі театрының тарихи қойылымы
«Дулыға» алаңқайы: «Ер қаруы – бес қару»: көшпенділердің қару-жарақтарымен таныстыру бағдарламасы
«Ақ шатыр» сахна алаңы: «Мәңгілік сарын» - Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 
- «Беркініп садақ асынған» - қазақтың батырлық жырларындағы эпикалық толғаулардан концерт 
- «Ғасырлар сазы» - фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер концерті
- «Жетісу әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері 
- «Тұран» фольклорлық тобының концерті
- «Арқа әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері
- «Дала нақыштары» - ұлттық билерге арналған бағдарлама 
- «Қонақкәде» - түркітілдес халықтар музыкасының концерті
- «Қоңыр» этно-тобының концерті.
Болатын орны: ҚР Тұңғыш Президенті саябағы

14.00 - «Ат полосы» ойынының көрсетілімі
            «Ұлы дала ойындары»: аламан бәйге – 31 км, топ бәйге – 21 км, ұшқыр жарыс – 2,4 км
Болатын орны: Атшабар алаңы

15.00 - Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары өнерпаздарының концерті
Болатын орны:  Орталық «Достық» алаңы
                       «Жастар» стадионы
                       «Ұлан» стадионы
                       «Мамыр» алаңы

16.00 - С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының «Ұлы арман» спектаклі
Болатын орны: Облыстық драма театры

19.00 - Ж.Ерғалиевтың «Қилы жол» атты драмалық қойылымы. Гала-концерт. Мерекелік отшашу. 
Болатын орны:  Орталық стадион

10 қазан

11.00-22.00 - «Ақ шатыр» сахналық алаңындағы бағдарламалар:
- «Мәңгілік сарын» - мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бағдарламасы 
- «Аспаптар шеруі» - қазақтың музыкалық аспаптары 
- «Қонақкәде» - түркітілдес халықтар музыкасының концерті
- «Тоғыз перне» - қазақ күйлеріне арналған бағдарлама
- «Батыс әндері» - дәстүрлі әншілік мектебінің әндері
- «Азаттық жырлары» - қазақтың жыр-термелері
- «Тұран» фольклорлық тобының концерті
- Тамара Асардың концерті
- «Тараздың нұрлы түні» - қатысушылардың гала-концерті
Болатын орны: ҚР Тұңғыш Президенті саябағы
С. Ерсін